Ерлан Сағадиев: 3 жылда орыс мектебіндегі 500 мың баланы қазақша сөйлетемін

Бүгін Астанада өткен форумда оқушылармен кездескен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үш тілде білім беру мәселесін өзгеше мазмұндады.

9
Ерлан Сағадиев

«Үш тілділік мәселесін көтерсек, алдымен ағылшын тілі шыға келеді. Бұл теріс. Үш тілділік – ол ең алдымен қазақ тілі туралы бағдарлама. Тағы да атап айтамын, үш тілділік – ең алдымен қазақ тіліне назар салады. Қазақ тілінің жағдайы қазір жаман емес… Қазір оқушылардың 70 пайызы қазақ тілінде оқиды. Биыл Бірыңғай ұлттық тест тапсырған оқушылардың 72 пайызы сынақты қазақ тілінде тапсырды. Назарбаев зияткерлік мектептері грантының 70 пайызын қазақ тіліне бөлді. Сондықтан, жағдайымыз жаман емес»,-дейді министр.

Бірақ, Білім және ғылым министрін мазалайтын бір мәселе бар екен. Ол – орыс мектептерінде оқып жүрген бес жүз мың баланың тіл тағдыры.

«Бірақ, проблема қандай? Қазір орыс мектептерінде оқитын бес жүз мың бала қазақша сөйлемейді. Сондықтан, министрліктің алдындағы ең жоғарғы мақсат 3-4 жылда бес жүз мың баланы қалай қазақша сөйлетеміз деген мәселе. Олар қазақша сөйлеу керек қой. Түсініп отырмыз, оқыту әдістемесі дұрыс емес. Ең алдымен дұрыс әдістеме жасау керек. Үш-төрт зияткерлік институт жиналып, әдістемені дайындап жатыр. Осы әдістеме дайын болса, 2017 жылдан бастап орыс мектептерінде қазақ тілінде өтетін сабақтар өзгере бастайды. Ең алдымен, дұрыс әдістеме керек. Заманауи ғылыми негізде жасалған, компьютерлік модельдеуден өткен алты айда тіл үйрететін әдістеме жасап жатырмыз. Үш жылдың ішінде балалардың барлығы қазақша сөйлейді. Мен оған сеніп отырмын», – деді министр Сағадиев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

9 пікір

  1. Я полностью согласна. Идея популяризации трехъязычия не для того, чтобы популяризировать английский, а для того, чтобы популяризировать и казахский язык. Я считаю, это правильно.

  2. 3 жыл, осы қызметте отыратыныңызға кепілдігіңіз барма? 12 жылдық жасадыңыздар, енді жасы 25 ке келгенше мектепте оқуды бұйырсаңыздар қалай болады а???????

  3. Баласына туған ата-анасы қазақ тілінде сөйлете алмаған тілді, министр қалайша сөйлетпекші.

  4. многие из взрослого поколения понимают всю значимость владения языками! для этого и вводятся необходимые изменения в сфере образования!! нужно детям ставить условия, чтобы они изучали и понимали необходимость и важность языков! в наше время это не носило такой сильный характер и от того многим взрослым сейчас трудно( в школе все реально впитать в себя!

  5. өзің қазақша үйреніп ал. аш бала тоқ баламен ойнамайды. тоқ бала аш болам деп ойламайды дегендей боп тұр ғой. фууу және көрем

  6. Орыс баласы олар казакша уиренеди дегенге мен сенемин себеби олар бакшадан бастап уиретеди жане болшакта елди баскарады биздиклер оз тилн соилеуди намыс корп жургенде олар саирап турады басшлкты колга алады

  7. Құрметті министр мырза бұл сөзіңізге өзіңіз сенесіз бе?Мен қазір зейнеткермін.Сондықтан бар шындықты айта аламын.Бірінші мектептегі материалдық жағдай сай емес.Сағат сайын бос кабинет издеп көшіп жүрген ұстаз сабақты қайдан түрлендіріп берсін.Екінші орыс тілді ата аналар мен олардың балаларының жүрегіндегі “Менің ғажап тілімді қорлап,сенің қисық тіліңді не істеймін?”деген санадан арылта аласыз ба?Үшінші сіз сабақ беріп жүрген ұстаздарды қажетсіз қоғамдық жұмыстардан босата аласыз ба?Бос уақыты жоқ мұғалім рухани дамуын тоқтатады”деген сөзді жадыңызда сақтап,тәуелсіздік әпере аласыз ба?Себебі,ұстаздар қазір әкіммен ,қалпақты шендердің құлына ,айналдырып ойнар ойыншығына айналған.Қаптаған отчеттан босатып,материалдық тұрғыдан қолдау көрсетсеңіз сонда ғана бірдеме болар.Әйтпесе бұның бәрі бос қиял.Қазір мектепте қырық жастан асқандар зорға шыдап жүр,жастар жоқ.Ертең не боларын ойланайық ағайын…Модератор өтініш жан айқайым елге жетсін ,өткізіңізші.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!