Ата-баба аруағына сыйынуда тұрған ешқандай әбестік жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев (Видео)

3 шілдеде Қазақстан Президенті жайлы «Мемлекет басшысы» деген жаңа фильм көрермен назарына ұсынылмақ. Онда Елбасының жеке өмірі, ел басқару ісі һақында бұқараға беймәлім болған фактілер баяндалмақ. Сонымен қатар Президент қоғам өміріне қатысты күн тәртібінде тұрған өзекті мәселерге қатысты пікір білдіреді. Соның бірі – дін тақырыбы, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Дереккөз: BAQ.KZ
26

«Қазақстанның мұсылмандық діни нанымы әлдеқайда байсалды, толерантты. Сүннит діннің байсалды, зайырлы ағымы деуге болады. Біздің өз дәстүріміз, салт-санамыз бар. Қазақтар осы күнге дейін ата-бабасының аруағына сыйынып келген. Ал Құранда ешқандай аруаққа табынуға болмайды, тек қана Аллаға табыну керек деп айтылған. Бірақ мен жеті атамызды біле тұра олардың аруағына сыйынғаннан ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын», — деген Елбасының пікірі «Мемлекет басшысы» атты жаңа фильмде қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік. 3 шілде күні көрермен назарына Қазақстан Республикасының президенті жайлы «Мемлекет басшысы» атты жаңа фильм ұсынылмақ. Фильмді сол күні сағат 21.00-де КТК арнасынан, 22.00-де Хабар арнасынан тамашалауға болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

26 пікір

  1. Қазақ халқы аруақыт ерекше қрмет тұтқан. Бұрын сарбаздар Абылайды, Қабанбайды, Малайсарыны тағы басқа аруақтарды ұрандап, шабуылға шыққаның білеміз.

  2. Жаратқан жаппар ием жар болып, «Е, әруақ» қолдай көр деп бастайтын барлық ісін әкеміз. Әкемнің өзінің әкесінің діни білімдігі өте жоғары болғандығын үнемі айтып отыратын, «Бұқара» медресесін бітіргендігін. Сондықтан Елбасы дұрыс айтады онда тұрған дәнеңеде жоқ. Анау-мынау дейтіндерге бауырым әркімнің иманы өзінде, әркім өзі үшін жауап берді қиамет күнінде.

  3. Президенттің ұстанымы өте дұрыс. Алла тағала еліміздің тыныштығын, халқымыздың тоқтығын, басшымыздың сабырлығын берсін. Осы жолымызда елді, жерді қорғаған ата-бабаларымыздың әруақтары қолдасын.

  4. Әруақтарын есіне алған адам Аллла тағаланы үнемі естен шығармасына күмәнім жоқ. Құдай Алланы аузына алмайтындардан, әруаққа құран бағыштамайтындардан сақтасын.

  5. Елбасымыз жасасын!!! Осындай бейбит заманда омир сурип жатканымызга тауба! Ол биринши Елбасымыздын енбеги!

  6. Дін мәселесі өте терең. Оны жақсылап зерттеу керек. Бірақ Елбасының айтқаны дұрыс нақыл

  7. Осы жеті атамызды біліп, қыз алыспай отырғанның арқасында қазақ халқы ең таза халық болып саналады, аталарымыз дана болған ғой

  8. Мазмұны ауқымды, сапалы кино сияқты, көруге кеңес беремін, өзім де асыға күтіп отырмын

  9. Қазағымның көңілі қандай дархан болса соған қарай Елбасы да бұйырған екен бізге, шүкір

  10. Ата-баба аруағының арқсында осы дәрежеге жеттік. Дін мен салт дәстүрді бір-бірімен салыстырмайықшы. Барлығына тыйым сала берсек осыдан араздықтар туындайды.

  11. Қазағым өлген адамдға жаназа намазын оқып бір Аллаға тапсырып жатады, артынан садақа беріп Аллаға дұға жасайды. Егерде өліп топырақ болып кеткен ата-бабаларымыз бір жәрдем көрсете алатын болса онда соларға бірден тапсыра салмайма өлікті! Ля ИллаҺа Иллала деген сөз Алладан басқа табынуға лайықты құдай жоқ деген мағынаны білдіреді! Алла өзіне серік қосқан адамды мөлдем кешірмейді, және Жанннатына кіргізбейді!

Пікір қосу