Лионель Месси Аргентина құрамасымен қоштасатынын мәлімдеді

Шабуылдаушы Лионель Месси Америка Кубогі-2016 финалында жеңіліскен ұшырағаннан кейін футболдан Аргентина құрамасында мансап жолын аяқтағанын мәлімдеді. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Лионель Месси

Жексенбіде АҚШ-та өткен финалда аргентиналықтар Чили құрамасына пенальти бойынша есе жіберді. Есеп — 2:4. Ал Аргентина құрамасының лидері Лионель Месси 11 метрлік айып добын соға алмады.

«Мен Аргентина құрамасындағы спорт карьерамды аяқтаймын», — деп мәлімдеді 29 жастағы форвард.

Испанияның «Барселона» клубында ойнайтын Месси 2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны болды. Ол құрамадағы тұңғыш ойынын 2005 жылы өткізген. Ол Аргентина сапында гол соққан ең жас ойыншы. Ұлттық құрамада ол 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Аргентина құрамасының тарихындағы үздік шабуылдаушылардың тізімінде екінші тұр. Ол — Аргентина тарихында ең беделді футболшы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу