Қазақстандық ауыр атлеттер әлемдік жастар чемпионатына қатысады

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Тбилисиде жастар арасында басталған әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының қатысуына рұқсат берген.

21
Илья Ильин

Бұл туралы ақпаратты бүгін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайтында жариялады.

«Қазақстандық атлеттер Ильин, Подобедова, Манеза, Чиншанлоның допинг сынамалары жайлы қолайсыз фактілер болғанымен, қазіргі таңда олардың кінәлары дәлелденбегендіктен, Қазақстан құрамасын Тбилисиде басталған жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға жіберді», — деп хабарлайды ұлттық федерация.

Бұған дейін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның сынамаларынан допинг іздері табылғанын мәлімдеген соң төртеуі де жарыстардан шеттетілген.

Сонымен бірге Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) спортшыларынан допинг іздері табылған Ресей және Беларусь командаларымен бірге Қазақстан құрамасын да бір жылға жарыстардан шеттету туралы шешім шығарған еді. Бірақ нақты қай мерзімнен бастап шеттетілетіні көрсетілмеген.

2008 және 2012 жылдары қатарынан екі Олимпиада жеңімпазы атанған Илья Ильин допинг туралы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Қазақстанның спорт ұйымдары да допинг жайлы айыптаулармен келіспейді.

Допинг дауына дейін Рио олимпиадасының он лицензиясына ие болған Қазақстан құрамасы оның екеуінен айырылған. Қос жолдаманың бірі ерлер командасына, екіншісі — әйелдер командасына тиесілі еді.

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы антидопингтік зертхананың қателескені белгілі болғанын хабарлаған болатынбыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

21 пікір

  1. Жаксы болдыгой коркып едим катыспайтын шыгар деп. Сиздерге тек женис !!! Казакстанды тагыда бир рет биикке шыгаруларынызга тилектеспин! Какпастар дурыстап карамайма зертханасы. Олар туралы жаман ойлап калдыгой халык типти менде. Енди бундай кателиктер болмайды деген умиттемин.

  2. Құтты болсын! Қуанышты хабар! Қазақстанның атын шығарып жүрген асыл жандар! Қиянат жасала жаздады-ау, қатты уайымдадық. Жеңістерге жете беріңдер

  3. Поздравляю! Очень рада за наших спортсменов и за казахстанцев! Справедливость восторжествовала!!! Удачи вам. Вы — наша гордость!

  4. Ол жаққа қатысқанымен Риоға жіберілмейтіні өкіндіріп отыр. Жалған ақпараттар беріп отырған допингке қарсы агенттікке қалай сенуге болады?

  5. Біздің атлеттерымыздың еш кінәлары жоқ екендігіне басынан бастап сенімді болғанмын.

  6. Спортшыларымыз үшін қуаныштымын. Еліміздің намысын қорғап, даңқын асқақтататындарына сенімдімін.

  7. Қазақ спортының атына дақ келтіруді көздегендердің мақсатына жетпегендеріне қуаныштымын.

  8. Спортшыларымыз Олимпиадада үмітімізді ақтап, жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімідемін

  9. Жастар құрамасы деген санаттан Илья Ильин, тіпті Зульфияның өзі шығып кеткен жоқ па, олар юниорларға жатпайды ғой.

  10. Әйтеуір допинг деп бір шулатып алды ғой, енді келіп оң нәтиже бермепті деп жазып жатыр. Қызық.

  11. Егер қатыстырмаса нағыз әділетсіздік болар еді. Допинг қолданғандары әлі толық дәлелденбегендіктен қатыстыруға тиісті

  12. Тбилисидегі жарыста да біздің атлеттер мықты нәтиже көрсетеді. Оларға жеңу үшін допинг керек емес!

  13. Марапаттарын берерлерін беріп алып енді қайтарып аламыз дегені не сұмдық? Ол халықаралық агенттіктің жұмысына сын. Аяқ астынан допинг тексергені несі? Кезінде қайда қарады, нені тексерді?

  14. Ақырын күту керек. Допинг дауы шартты нәрсе, ол тек қана биыл емес, әрбір Олимпиада кезінде орын алады.

  15. Біздің ауыр атлеттерге қатысты әділетсіздік! Бірауыздан спортшыларымызды қолдаймыз!

  16. Россия спортшылары айпқа қарсы шығып, намысқа күресіп жатыр. Допингтің саяси астары бар екенін елдің барі көріп отыр. Неге жоғарыдағы спортбасшылары үндемейді,
    түсініксіз…

Пікір қосу