11 жылда алғаш рет футболдан Қазақстан құрамасын қазақстандық басқаратын болды

Футболдан Қазақстан құрама командасының бас бапкері болып Талғат Байсуфинов тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ. Дереккөз: Nur.kz

0
Талғат Байсуфинов

47 жастағы павлодарлық футболдың тәрбиеленушісі футбол тарихында Қазақстан құрамасының 13-ші басшысы болып отыр. Юрий Красножаннан кейін Талғат Байсуфинов ағымдағы жылдың бірінші жартысында жаттықтырушы міндетін атқарып келді.

Сол уақыт аралығында команда үш матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті (Қытай және Әзірбайжан командасымен матчта). Ал Грузиямен болған үшінші матчта есеп тең түсті.

Байсуфинов – 11 жыл ішінде ұлттық команданы басқаратын алғашқы қазақстандық. Оған дейін жерлестеріміздің арасынан Тимофеев басшылық еткен. Ол 2005 жылы жаттықтырушы қызметін босатып, бүгінгі күнге дейін құраманы келесі шетелдік мамандар басқарған: Арно Пайперс, Бернд Шторк, Мирослав Беранек және Красножан.

13 жыл бойы түрлі жаттықтырушы штабтарда қызмет еткен Талғат Байсуфиновтың тәжірибесі мол деп айтуға болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!