Төреғали Төреәлі жаңа клипын ұялы телефонға түсірді

Төреғали Төреәлі әнші Фарида Жолдасовамен бірігіп салған әніне клип түсірді. Оның жаңашылдығы сол - бейнебаян Германияда әрі ұялы телефонға түсірілген. Дереккөз: NUR.KZ

0
Төреғали Төреәлі

“Қыдырып қайтайық” атты әннің бейнебаяны саяхаттау тақырыбымен үндес болғандықтан, клипте екі әншінің өзге елдегі хикаялары арқау болады.

#Repost …@aigan_zholdasova 2 часть ?Туган жердин кадирин озге елге барганда бурынгыдан да каттырак биледи екенсин. Биз де Кельнге барган сапарымызда 4-5 кун ишинде елимизди сагынып калта телефонымызбен? осындай кишигирим “клип” тусирдик? Бул касиби мамандардын туындысы емес, оз колыммен тусирилген видеолар жиынтыгынан курылган дуние. Сондыктан соге жамандаманыздар? Тек сиздер ан тындаганда адеми коринистерди де коре отырсын деген ойдан туындаган. толык нускасын ютубка да саламыз. Тамашаланыздар? P.s Арнайы дайындык болган жок, ауа-райы да биз куткеннен салкындау болды. Сондыктан киимдерин сынап, ренжимегейсиздер??#қыдырыпқайтайық

Видео опубликовано @lukpan_zholdasov_studio

“Туған жердің қадірін өзге елге барғанда бұрынғыдан да қаттырақ біледі екенсің. Біз де Кельнге барғанымызда елімізді сағынып үлгердік. Қалта телефонымызға кішігірім бейнебаян да түсірдік. Бұл кәсіби мамандардың туындысы емес, өз қолымызбен түсірілген видеолар жиынтығынан құралған дүние. Сондықтан сөгіп, жамандамаңыздар. Тек сіздер ән тыңдаған кезде әдемі көріністердің куәсі болсын деген ниеттен туындаған ой. Арнайы дайындық болмады. Ауа-райы да біз күткеннен салқын болды. Сондықтан киімдерін сынап, ренжімегейсіздер”, – дейді Фарида Жолдасованың менеджері Жамал Садырбай.

Әншілермен бірге Еуропаға олардың әкелері әрі продюсерлері де аттанған. Сондай-ақ Төреғали мен Фарида Германияда тұрып жатқан қазақтарға арналған концертті де қойып үлгерді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!