Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард доллар

Данияр Ақышевтің мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнім көлемінің 7 пайызын құрайды және бұл "әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі".

0
Данияр Ақышев

Ұлттық банк төрағасы соңғы уақытта кейбір ақпарат құралдарында “сыртқы қарызға қатысты кейде дұрыс емес мәліметтер берілетінін” айтты. Бұған дейін қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары Қазақстанның сыртқы қарызы жекеменшік секторды қосқанда 150 миллиард доллардан асатынын хабарлаған.

Жиында Данияр Ақышев Қазақстандағы инфляция деңгейі мамыр айында 0,5 пайызды құрағанын да айтты. Ол бақылаудағы инфляция деңгейі “көпжылдық трендке сай келеді” дейді. Ол Ұлттық банктің болжамдары инфляция көрсеткіші 2016 жылы 6-8 пайыз аралығында болады деген болжамды растап отырғанын айтады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу