Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасалатын болды

Дәрігерлер бүгінде Баян Есентаеваның денсаулығы жақсарғанын айтып жатыр. Десе де, оның мұрнына пластикалық ота қажет екенін жасырмайды.

Дереккөз: NUR.KZ
7
Баян Есентаева

Маусымның 10-күні күйеуі пышақтаған Баян Есентаева Талғар аудандық ауруханаcына шұғыл жеткізілді. Аталған ауруханада Есентаеваға үш сағатқа жуық уақыт ота жасалды. Бүгінде денсаулығы жақсарып, продюсер үйіне шығарылған. Дәрігерлер әлі де бір ай уақыт мамандардың қатаң бақылауында болып, емделуі қажет екенін айтып жатыр.

Баян Есентаеваға ажал аузынан аман алып қалған дәрігер оған пластикалық ота жасалуы мүмкін екенін айтты.

“Пластикалық отаның қалай жасалатынын бет пен жақсүйек хирургі шешеді. Менің ойымша, оған мұрын сүйектерін қалпына келтіру қажет. Көзін офтальмолог және окулист мамандар емдейді. Көзі орнында болғанымен, қан құйылып, қарашығы зақымданған. Дәл қазір қозғалады және дұрыс көреді. Шығаратын кезде денсаулығының жақсара түскенін байқадық. Көзі де дұрысталады деген үміттеміз”, – дейді хирург Ербол Сәрсенбаев.

Дәрігерлер мен отбасы продюсерге бір апта бойы интернетке кіруге тыйым салған екен. Өзі туралы жаңалықтарды естіп, күйзеліске түсіп кетеді деп ойласа керек.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

7 пікір

  1. Әйелге қол көтеру — еркектің әлсіздігі мен оспадарлығы, немене арақ ішкеннің бәрі әйелін сабауы, жарақаттауы керек пе?

  2. Еркектер ең бірінші өздерің нені көксесеңдер — әйел де соны қажет етіп тұр деп ойлайсыңдар.Қателесесіңдер! Міне, сендердің кемшіліктерің де осы. Әйелдерің көздеріңнен ұзақ уақыт таса болса бітті, біреумен жатып қойды деп есептейсіңдер. Бұл сіздерге тән қасиет. Алла тағала біздерді қандай жағдайға шыдай алатындай етіп жаратқанын мойындағыларың келмейді.

  3. е ортада бир нарсе болган шыгар оны тек баян мен жубайы гана биледи алайда оны жасырып тур

  4. Баянжан тез жазылып кетсін. Ондай мықты қазақ әйелдері аз! Менің Баяннан жасым үлкен. Оның қазақ өнеріне жаңашылдықпен қосып жүрген еңбегіне әркез риза болып отырамын. Бізің қазақтың эстрадасын бұрын кім білді?! Баян сияқты алғыр жастар алға шығарды. Күйеуі нағыз оңбаған екен! Аққудай болған ел еркесіне қалай қол көтерді екен сұмырай! Түрмеден шықпай қалсын! Оралдың Қыз Жібектің сіңлілері жасасын . Баянжан бұдан әрі қарайда өнерің өрістесін! Шетелді табындыр қазақ өлеңіне!

  5. Баянның тез жазылып қатарға қосылуын алладан тілеймін. Осынша қатыгез болуға бола ма? Ер азаматтың нәзік жанды әйелін осынша қорлағаны опасыздық . Ерлі -зайыптылар қандай келіспеушілік болса да ақылмен шешу керек соңында балалары зардап шекпейтіндей

Пікір қосу