БҰҰ: Күн сайын Еуропаға 700-ге жуық босқын бала келеді

Күн сайын Еуропаға мигрант пен босқын ретінде 700-ге жуық бала келеді. Бұл туралы дүйсенбі күні хабарлаған БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) атап айтқанда, сәбилер имен мүгедектер, ата-анасынан ажырап қалған және адасып кеткен бүлдіршіндер, жасөспірімдер ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж екенін атап өтті. Дереккөз: Bnews.kz

0
БҰҰ: Күн сайын Еуропаға 700-ге жуық босқын бала келеді
Көрнекі сурет

ЮНИСЕФ-тан мәлімдегендей, биылғы жылдың жазынан бері балалар мен әйелдер саны (мигранттар мен босқындар арасында) тоқтаусыз өсіп келген, және қыстың жақындап қалғанына қарамастан бұл үрдіс әлі де жалғасатын түрі бар. Қаңтардан бастап қыркүйек айына дейінгі аралықта Еуропа елдерінен пана іздеген балалар саны 214 мыңға жеткен.

ЮНИСЕФ жасы мен отбасылық жағдайларды ескере отырып, босқын балаларға түрлі қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды. Аталған ұйым «әлсіз балалардың» бес тобын ерекше қамқорлыққа алуға үндеп отыр. Бұл, ең алдымен, сәбилер мен бүлдіршіндер. Екінші топ – мүгедек балалар мен денсаулығы нашар балалар: оларға арнайы қызметтер мен мекемелердің көмегі қажет. Үшінші және төртінші топтарға ата-анасы тастап кеткен және ата-анасынан ажырап қалған балалар кіреді. Ең соңғы бесінші топ ересектердің қарауынсыз жүрген 14-17 жастағы жасөспірімдерден құралған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!