Ильяны Рио Олимпиадасына қатыстырмаса, Швейцариядағы арбитраждық сотқа жүгінеміз

Егер Халықаралық комитет Илья Ильинді Бразилияда өтетін Олимпиадаға қатыстырмау туралы шешім шығарса, отандасымыз міндетті түрде Швейцариядағы арбитраждық сотқа жүгінеді деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

0
Илья Ильин

Бұл туралы ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Болтаев «Хабар» арнасына телефон арқылы берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

Ереже бойынша енді Илья Ильин спорттық жарыстардан уақытша шеттетілді. Мәселенің мән-жайын Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Болтаевтан білсек.

— Жалпы мұндай препарат Ильяның қанынан қалай анықталған? 

— Біз әрине, қатты таңқалып отырған жоқпыз. Өйткені Лондоннан хабар келгеннен кейін, Бейжіңнен тура сондай болады деп ойладық. Өйткені методтары бір. Кезінде тексеріп, таппай, қазір тауып жатыр. Енді бұл зат Ильяның ағзасына қалай келді десе, әрине сегіз жыл өтті, зерттеу, дәлелдеу де қиын болады. Бірақ нақты Илья жөнінде айтатын болсақ, Илья ешқашан бір затты спорттық тағам болсын, қалпына келтіру заттар болсын, толығынан көріп, бізге беріп, көрсетіп, біздің бақылауымызда жүреді. Жеке дәрігер бар, барлық нәрсені бірге талдап отырып, қолданамыз.

— Ал енді Илья Ильин нақты қандай қадамдарға бармақ? 

— Ертеңгі күні Илья бұйырса Францияға ұшады. Арнайы мамандармен кездесу үшін. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда ондай мамандар жоқтың қасы. Толық кеңес алу үшін бармақ. Бұл жерде сотқа беру деген мәселе жоқ, өйткені  әлі өткен жоқ қой. Қалай өтеді, ары қарай соладың шешіміне қарай қимылдаймыз. Егер әрі қарай Олимпиадаға жібермейміз, медальдарыңызды алып қоямыз десе, онда біз міндетті түрде сотқа жүгініп, өздеріңіз білесіздер, Швейцарияда арбитраждық сот бар. Соған міндетті түрде жүгінеміз.

Естеріңізге сала кетсек, Илья Ильиннің Пекиндегі допинг сынамасы да оң нәтиже бергенін хабарлаған болатынбыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz