Седов: Енді бізде ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы жоқ

Ауыр атлетикадан бұрынғы әлем чемпионы Владимир Седов допинг дауына басты кінәлі адам деп Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниді атады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Владимир Седов

Седовтың айтуынша, енді қазақстандық ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ. «2016 жылдың 20 маусымы — бұл Қазақстанның ауыр атлетикасына және қазақстандық спортқа ауыр күн. Бізде енді ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ. Бұған кім кінәлі? Илья Ильин демексіздер ме? Ал мен сіздерге «жоқ» деймін. Барлығына да Алексей Геннадьевич Ни жауапты. Неліктен дейсіздер ғой? Себебі ол барлығын бақылайды, спортшылардың қайда, қалай тамақтанатынын бақылайды.

Алексей Геннадьевич, сіз өзіңізге жақпайтын спортшыларды алып тастайтынсыз. Сіздің бетіңізге шындықты айтатын спортшыларды. Сол Эдуард Тюкинді алайықшы, ол Ресейден келді, құрамадан бөлек дайындалды (Қазақстан құрамасы — Vesti.kz ескертпесі) және 2008 жылғы Олимпиадаға іріктеуден өтті. Ол өзге спортшылардан рейтингте биік болды және Олимпиада алтыны үшін күресуге дайын еді, бірақ сіз, өзіңіз айтпақшы, болашағынан үміт күттіретін жастарға мүмкіндік бергіңіз келді. Бұл — сіздің жұмысыңыз. Сіз бірінші кезекте сізге сенген Илья Ильиннің, Светлана Подобедованың, Майя Манезаның және Зүлфия Чиншанлолардың алдында жауап беруіңіз керек», — деп жазды Седов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсеткен еді. Ал оған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!