Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ – Қытайдың Қазақстандағы елшісі

Қытай тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жыл сайынғы Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі конференцияда ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Ханьхуэй Чжан хабарлады.

0
Ханьхуэй Чжан

Елшінің айтуынша, Орталық Азия өңірі терроризмнен ада емес, себебі бұл өңірге Ауғанстан мен Таяу Шығыс жақын орналасқан. Сонымен қатар, ол Орталық Азия үкіметі мен Қытайдың бірігіп күш салуы арқылы кез келген лаңкестік әрекеттерді тоқтата алатындарын мәлімдеді. Бұл үшін ол басқа мемлекеттер атсалысуы керектігін де атап өтті.

“Терроризм – бұл адамзат үшін ортақ жау. Терроризмен күресу керек. Біздің арам ойымыз жоқ. Әріптестігіміз өзара тиімді болады. Бейбіт саясатты жүргізетін боламыз”, – деді елші.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында қытайлық кәсіпорындардың аясында экономика саласында 51 жоба жүзеге асырылмақ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!