Баян Есентаева ауруханадан шықты

Танымал продюсер, тележүргізуші Баян Есентаева ауруханадан шықты деп хабарлайды BNews.kz. Ол ауыр пышақ жарақаттарымен 10 маусым күні Талғардың аудандық ауруханасына жеткізізлген болатын.

0
Баян Есентаева

“Науқас Баян Есентаева ауруханадан үйіне шығарылды. Ол емдомды одан ары үй жағдайында қабылдайтын болады. Жағдайы көңіл көншітерлік”, – дейді аталған аурухана директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Естеріңізге салайық, Баян Есентаеваны 10 маусым күні өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев пышақтап тастаған болатын. Алдын ала болжамдар бойынша, қызғаныштан туындаған отбасылық ұрыстың соңы қол жұмсауға алып барған. Артынша полиция күдіктіні қамауға алып, сот оны екі айға қамауға алды. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!