Алматыда заңсыз тұрақшыларды ұстау сәті Periscope арқылы көрсетілді

Алматы қаласында жүргізушілерден заңсыз түрде ақша жинайтын тұрақ қызм еткерлерін ұстау бойынша рейд жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Акция Periscope арқылы тікелей таратылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz
0

«Алматы қаласында Көк базардың маңында автотұрақтарда заңсыз ақша жинау дерегін анықтау бойынша рейд жүргізілді. Деректерді анықтауда қала көшелеріндегі тұрақ қызметкерлері ақша жинаған жағдайда 109 бірыңғай номеріне хабарласу керек», — делінген әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Еске салайық, 20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтарға ақының төленбейтіндігі жазылған еді. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған.

«Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр. Тыйым салу 2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін қолданылатын болады», — деп жазылған хабарламада.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу