Қазақ Ұлттық Университетінің «Ғылыми-технологиялық паркі» – мүмкіншіліктер мекені

Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде 31-орынды иеленді. Ал Орта Азия университеттерінің қатарында тіптен оқ бойы озып тұр.

0
Научно-технологический парк казгу

ҚазҰУ – қала ішіндегі қалашық. Рас, кірген бетте қалағаныңыздың бәрін таба аласыз. Жыл сайын студенттердің жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынып жатыр. Мәселен күні кеше «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Ол жерде кітап және азық-түлік дүкендері, кинотеатр, сән салоны бар. Биік-биік болып бой түзеген ғимараттарды көрсеңіз – жатақханалар деп біліңіз. Бір университетте жалпы саны 18 студенттер үйі бар. Осы жылы ғалымдар үйі бой көтерді. ҚазҰУ аймағында тегін Wi-Fi желісінің барын да айта кету керек. Мұнда білім алатын әрбір студент жеке құпия сөзі мен логині арқылы желіні қалауынша пайдалана алады. Қалашықта 15 факультет, спорт кешені, 300 орындық интернет-кафе бар.

ҚазҰУ-дың ендігі бір ерекшелігі өзінің технологиялық бизнес-инкубациялау жөніндегі шаралар кешенін ұсынатын технопаркінің болуында. Жастардың әр түрлі саладағы инновациялық жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін технопарктің мақсаты – білімгерлердің іс-тәжірибе жөнінде дамып жетілуіне, бизнеспен студент шағынан айналысып, бейімделе беруіне жол ашу.

Мұнда индустриялық-инновациялық қызметтен бөлек, оқыту семинарлары, тренингтер, курстар мен консультациялар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, студенттерге өте төмен бағада ағылшын, түрік, орыс тілдерінің курстары бар. Жаңа мүмкіншіліктерге жол ашатын технопаркте технологиялар трансфертінде жәрдем көрсетіледі. Негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын ҚазҰУ технопаркі заңды тұлғаларды құруда айтарлықтай маңызға ие. Егер қарапайым инкубаторлар өз түлектерімен етене байланыс жасамаса, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әрбір студентімен, әр жобаға үлкен акцент қоя отыра жұмыс жасайды. Оларға қажетті жағдай жасап, барынша бизнес-жобалардың іс жүзінде  жүзеге асуына мән береді.

Инновациялар негізіндегі индус­трияландыру біздің қоғамымыздың жаңа, құнды өзегіне айналып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәртебесі, академиялық еркіндігі бар және ғы­лы­ми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар» деп бір сөзінде айтып өткен еді. Қазақ Ұлттық Унисерситеті – бағдары айқын сапалы білім мен ғылым ордасы. Осыны түсіне білген әр білімгерге бұл кеңістікте өте көп мүмкіндіктер бар.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
«Маркетинг» мамандығы, 1-курс магистранттары

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!