Ауыр атлеттер болмағанда Қазақстан қанша алтын медаль жоғалтар еді?

Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды.

0
Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын

Лондон олимпиадасындағы 7 алтынның төртеуі ауыр атлеттерге тиесілі. Сол кезде Илья Ильин, Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подабедованың əкелген жеңісі спорттың осы түрі бойынша Қазақстанды Қытайдан кейін 2-орынға шығарған.
Егер олар алтын алмағанда Қазақстанның қоржынында 3 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль болып, жалпы командалық есепте ОАР-дан кейін (ОАР-да 3 алтын, 2 күміс, 1 қола) 24-орында болар еді.

Демек, əлемдік рейтингте Қазақстанды көтеріп тұрған ауыр атлеттер екені даусыз. Бұны infostradasports.com халықаралық сараптамалық спорт порталы да растап отыр. Олар Рио олимпиадасында Қазақстан 13 медаль алып, жалпы командалық есепте15-орынға аяқ тірейді деп болжам жасаған. Олардың айтуынша 13 медальдің бəрі тек ауыр атлетика (5 медальдің 2-і алтын) мен бокстан (8 медальдің 4-і алтын) болуы мүмкін.

Егер Ильин, Чиншанло, Подабедова, Манезалар биылғы олимпиадаға бармаса, Қазақстанның əлемдік рейтингтегі орны қандай болатынын болжай беріңіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу