Шымкент пен Барселона инвестициялық әріптес қала

0
Ақылды қала Шымкент

«Ақылды» қала Халықаралық конгресс-көрмесі аясында Барселона мэрінің орынбасары Жерардо Писарелло мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екіжақты әріптестік кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қос тарап өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Осы орайда, Шымкент қаласы туризмнің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау бағытында Барселонадан айтарлықтай тәжірибе алуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Барселона тарабы Шымкенттің инфроқұрылымы мен ауыл шаруашылығы саласын өркендету бағытында инвестиция салу мүмкіндігін қарастыратындығын мәлімдеді.

Шымкент – бүгінде елдегі жер аумағы бойынша бірінші, тұрғындарының саны бойынша екінші орынға ие. 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы жобасын түзген Шымкент қаласы жергілікті тұрғындары мен саяхатшылар үшін ыңғайлы, заман талабына сай өркендеген қала ретінде аталады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!