Рабиға Сатыбалды: «Барлығын басынан бастауға ешқашан да кеш емес»

Сатыбалды Рабиға Амантайқызы 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. №1 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта білім алған. Қазіргі таңда графикалық дизайн саласының маманы, Intellect Incubator қорының дәріскері.

2
Рабиға Сатыбалды

Мектепті аяқтаған соң, медициналық мамандықта оқыдыңыз, иә. Осы туралы айтып беріңізші. Неліктен медицинаны таңдадыңыз? Қайда оқыдыңыз? Қандай мамандық?

Мектепті аяқтаған соң Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік Медицина Академиясына қарасты колледжге тапсырдым. Бұл кезеңде жастар көп жағдайда ата-анасының кеңесімен жүретіні анық. Жасыратыны жоқ суретші болғым келген, бірақ ол уақытта Шымкент қаласынан ондай бағыттағы колледж таба алмадық. Медицина саласына баруыма ата-анам кеңес берді. Ол уақыттағы заң бойынша медининалық колледжді тәмамдаған студент Академияға 3 курстан қабылдануына болатын еді. Медициналық колледжде “Жалпы тәжірибелі фельдшер” мамандығы бойынша білім алдым. Бұл кезеңдер бос кетті деп айта алмаймын. Сапалы білім және болашағыма жақсы пайда беретін тәжірибе алдым.

Медицинаның дипломын алған соң, неліктен осы салады жұмыс істегіңіз келмеді?

Негізі, басты мақсатым орта арнаулы біліммен қалмай жоғары білім алу болатын. Бірақ, Облыстық Онкологиялық Диспансерге жұмысқа орналасуыма байланысты бұл ойым жүзге аспады. ООД-да 2 жылдай қызмет істедім. Бұл саладан кетуіме әр түрлі жағдайлар себеп болған сияқты. Медицинада істей алмадым деп айта алмаймын, ол кезеңдерде өз қызықтарымен ерекше. Медициналық білімімді толықтырып, көп нәрселерді үйрендім. Бірақ, бала күнімнен армандаған салама баруға біраз мәселе түрткі болды. Біріншіден, медицинада орта білімді болсаң кішкентай адам сияктысың, яғни өсу болмайды. Сол жылдар аралығында өмірім өзгеріссіз бір сарынмен өте берді. Екіншіден, денсаулығыма байланысты емдеуші дәрігерлерім менің бұл саладан кетуіме кеңес берді. Себебі, күнделікті Онкологияда болып жатқан ауыр жағдайлар мен науқастардың әр түрлі сатыдағы ауыр жағдайлары өзіме қиын тиіп, жағдайым нашарлауы мүмкін екенін қатаң ескерткен болатын. Оның да өзіндік үлкен әсерлері сезілмей қоймады. Сондықтан, бұл салада қызмет істеуді түбегейлі тоқтаттым.

Головкин

Қазір графикалық дизайнерсіз, иә? Медицина маманы бола тұрып, осы кәсіпті игеруіңізге не себеп болды? Шешім қалай қабылданды?

Ол ең алғаш Астанаға келген кезім болатын. Кішкентайымнан армандаған салама кеткім келгенмен, бірақ бәрін қайта бастауға үлкен қорқыныш болды. Бірден ондай тәуекелге бара салу қиын нәрсе. Өйткені, біздің тәрбие алған қоғамымыз өміріміздің үлкен өзгерістерге икемделуіне негізделмеген. Оның үстіне көптеген жағдайда сонша жыл оқып, енді басқа жаққа ат басын бұру уақытты бос обал қылу деген ойлар да болып жатады. Бірақ, сол қорқынышты жеңдім. Оған өз отбасымның көмегі орасан. Ағам жаңа мамандық алуыма, әрі бәрін қайта бастауыма көмек беретінін айтты. Бірақ, тек қана өзімнің қалаған мамандығымды таңдау керектігімді ескертті. Бастапқыда, ағамның кезекті бір әзілі болар деп қабылдаған болатынмын. Кейін байқасам, ағам бұл шынымен кіріскен екен. Сонымен арман болған мамандығым “Графикалық дизайнды” оқуға Беларусь жеріне, Минск қаласына аттанып кеттім.

Бүркітші

Графикалық дизайнер деген қандай кәсіп? Өмірдің қандай саласында қолданылады?

Графикалық дизайн жан-жақты сала деп айтуға болады, өз ішінен әртүрлі тармақтарға бөлінген  кең ауқымды сала. Қазіргі біздің заманымыздығы ең қажет мамандықтардың бірі.

Илья Ильин

Кәсіби терминдерді былай қойып, қарапайым тілмей айтқанда, сіздің күнделікті көріп жүрген көшедегі жарнама, интернет беттеріндегі сайттардың бетбейнесі, телеарналардағы аралық жарнамалар мен интролар, анимациялық моушндар, оқып жатқан кітаптарыңыз бен газеттеріңіздің беттері мен мұқабалары, көріп жүрген мультфильмдер мен комикстердің көрерменге жол тартуының барлығын да осы графикалық дизайн саласы қамтиды.

Осы кәсіпті Беларусь елінде оқыдыңыз. Неліктен Беларусь Республикасын таңдадыңыз? Ондағы оқу орны туралы толығырақ айтып беріңізші.

Раби Сатыбалды

Негізі, оқуға кетуден алдын таңдауымда бірнеше елдер болды. Үндістан, Малайзия т.б елдер. Ал, көршілерден Ресей және Беларусь болды. Бірақ, жоғарыдағы елдерге бару үшін тілдік барьерді жеңу керек еді. Ал, ол кезде менің ағылшын тіліндегі білімім техникалық білім алуға әлі жетпейтін еді. Сондықтан, шешімді Беларусь еліне тоқтаттық. Оның үстіне Беларусь елінде оқуға көңілімнің ауғанының негізгі себептерінен бірі — ондағы білім беру жүйесінің жүйелі түрде дамып жатқандығы болса керек. Оның үстіне Беларусь халқының мінездері қонақжай болып келеді 🙂

Азамат Муканов

Жалпы, ақпараттық технологиялар мен компьютерлік білім бойынша білім алуға ТМД елдеріндегі көші ілгері елдерден деп айтуға толық негізім бар. Бірнеше айдың ішінде салалық бағытта сапалы білім алып шығуға болады. Әрине, ол да адамның өзіне тікелей байланысты. Онда осы сала бойынша жұмыс істеп келе жатқан оқу орталығында білім алдым.

Бұл елдегі білім алу бойынша адамдардың бізге қарағанда айтарлықтай айырмашылықтары бар секілді. Менің тобымда ең жасы  7-8 жасар балалар, ал ең үлкендері 60 жасты еңсерген кісілер болды. Бәрінің оқып жүргені осы графикалық дизайн саласы. Графикалық дизайнға қызыққандары соншалықты өздерінің жас айырмашылықтарына да мән бермейді екен.

Оқу жүйесі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бастапқысы, үйренушілерге графикалық дизайнға керек болатын барлық программалар үйретіледі, келесі кезеңдерде программаларды қолдана отырып толық жұмыс істеуге дайындайды. Бізде графикалық дизайн ол жақпен салыстыруға келмейтінін білдім, бізде де осындай ірі оқу орталықтары жолға қойылса және онда балаларды жастайынан оқытса, біз де Индонезия, Таиланд, Корея сияқты Азиядағы дизайн саласы дамыған елдерге жетіп алатын едік. Ендігі жерде өзіміз де осы бағытта курстар желісін бастағалы жатырмыз.

Шетелге оқуға қалай қабылдандыңыз? Қанша уақыт кетті оқуға? Оқу ақысы қандай? Оқуға түсудің қиындығы болды ма? Шетелге барып, жылға жетпейтін уақытта курстар оқып қайтудың тиімділігі қандай?

Алмас Алтай

Оқуға қашықтықтан тіркелу арқылы қабылдандым. Яғни Оқу орталығының  алдын ала тағайындаған курстарына орталықтың сайтына кіріп тіркелдім және оқуға бірнеше күн қалғанда Минск қаласына жол тарттым. Ерте бармауға себепте болды. Өйткені, Қазақстанмен Беларусь елдерінің ортақ заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматы Беларусь елінде қонақ ретінде 3 айдан артық бола алмайды екен. Әрине, құжаттамалар бойынша ұзақ қалуға болады. Бірақ, оған уақыт аз болды. Сондықтан, маған 3 айды тиімді пайдалануға тура келді. Ол 3 айдың ішінде өзім жоспарлаған сатыдағы білімді толық алдым. Оқуға түсуге ешқандай қиындықтар болған жоқ. Тек оқу ақысы төленсе жеткілікті. Кейбір салаларға байланысты көп жылдар оқығанның әрине тиімділігі көп, бірақ графикалық дизайнда бұл аса қажетті дүние деп ойлаймын. Бұл тез меңгеруге болатын сала, тек аздаған қызығушылық пен талап болса жеткілікті. Оқуға барудан алдын компьютермен жұмыс істеуде базалық білімді жетілдіріп бару артық етпейді.

Зарина Диас

Беларусьтан қашан келдіңіз? Қазір қайда жұмыс істеп жатырсыз?

Минсктен 2015 жылдың ортасында елге оралдым. Бастапқыда, Астана қаласында Нұр-Медиа холдингінде иллюстратор болып қызмет атқардым. Сол уақыттарда  адамдардың түсінігінде қалыптасқан “графикалық дизайнер” ол тек полиграфиялар мен сыртқы жарнамаларда жұмыс жасайтын қызметкер деген пікір қалыптасқандықтан, мен де осы бағытқа барып тәжірибе жинап, біздің нарықтың да жақтың да қыр-сырын меңгергім келді. Содан кейін Астана қаласында сыртқы жарнамамен айналысатын арнайы орталыққа жұмысқа тұрдым. Қазір де осы орталықта жұмыс істеймін. Бірнеше айдың ішінде дизайн саласының сыртқы жарнамамен шұғылданатын бағытын толық меңгердім деп айта аламын. Әйтсе де, негізгі бағытым жеке яки интернет арқылы графикалық жұмыстарға тапсырыс қабылдаймын. Біздің елде бұл саладағы жұмыстарға сұранып өте көп. Әсіресе, жастар мен спорттың айналасындағы адамдар менің жұмыстарыма аса қызығушылық танытып жатады. Ендігі мақсат — анимация саласын меңгеру және комикстер мен мультфильмдер салу.

Сіздің фейсбук, инстадағы аккаунттарыңыздан адамдарға аватар жасап бергеніңізді көремін. Бір аватар жасау қиын ба?

Бастамасында аздап түсінік беріп өткім келеді. Бұл бағыттың негізі тікелей суретшілікке қатысы орасан көп емес. 5-6 жыл оқыған суретшілер бізбен өздерін салыстырып, кейде “Иллюстрация” саласын дұрыс емес деп жатады. Бұл әрине қате түсінік, иллюстрациялық программалардың өзінде арнайы кескіндерді салуға мол мүмкіндіктер жасалған. Керісінше, “менмін” деген суретшілер Illustrator немесе CorelDraw сиякты графикалық программаларда сурет салуды үйренсе, оларға өте көп мүмкіндік беретін еді. Себебі, заман талабы осы. Технология дамыған заманда оларда ілесіп дамуға міндетті. Екеуін бөлшектеп, бір-біріне қарсы қою да дұрыс емес. Керісінше, бұл екеуі де жақсы ұштасқан кезде мықты жетістіктерге жетуге толық мүмкіндік бар.

Алмас Өтешов

Ал сұраққа келер болсам, бұл иллюстратордағы расторлы кескінді векторға айналдырып салу бағыты деп аталады. Яғни, суретте бейнеленген кескінді толығымен қайта сызып шығу. Бастапқыда қарапайым жолдармен салып жүргенімде тек 1-1,5 сағат аралығында бір суретті салып бітетінмін. Байқасам суреттер аздап қарапайым болып қалады екен. Ал қазір суретті күрделендіріп салып жүрмін, оған кемінде 3-4 сағат кетеді. Көп уақыт кетсе де бірнеше сатыдан өтіп, суретті күрделі жолмен салғанда сапасыда, суреттің өзіде жақсы салынады.

Қандай программалар қолданасыз? Неше уақыт жұмсалады?

Баскетбол

Adobe Indesign, Adobe  Illustrator,  Adobe Photoshop, Corel Draw, Corel Painter, Inkscape сияқты графикалық редакторлардың бәрін толық меңгергенмін. Бірақ, векторлы кескіндерді салуыма ең тиімді редакторлар Adobe  Illustrator, Corel Draw болып тұр. Уақыт жұмыстың күрделілігіне байланысты кетеді. Мұнда басты ескерілетін мәселе, сурет салғанда немесе логотиптер жасағанда тек жұмысқа назар аудару керек, ой бөлінген сайын жұмыс сапасы да төмендейді.

Сіз медицинада оқып, жұмыс істеп, кейін мүлдем басқа салаға ауысқан жансыз. Қазір көптеген жастар бар, бір мамандықты оқып, бірақ сол мамандығы бойынша істегісі келмейді. Бірақ, ілініп-салынып істеп жүреді. Не жұмыс таппайды. Басқа саланы игеруге көңіл қоймайды. Соларға не айтасыз?

Өз басымнан өткен жағдайларды қорытындылай отырып, бәрі де мүмкін екеніне көзім толық жетті.

Жұмыстан рахат алуға болатынын осы салада жүріп енді түсініп жүрмін. Кейбіреулер өзі қаламаса да айлығына бола немесе ата-анасынан қорыққандықтан бір салада жүре береді. Оларға айтарым әліде кеш емес және ешқашан кеш болмайды. Бір топта 50-60 жастан асқан кісілермен оқығанда осыған толық көзім жеткен. Ал, біз әлі жаспыз, біз дамуымыз керек. Егер мамандығың ұнамаса, онда неге екіншісін игермеске?!

Кейбіреу юрист болып жұмыссыз болуы мүмкін, оданда бірнеше ай оқып елімізде мүлдем табылмай жатқан кейбір салаларға ауысуға болады. Мәселен, графикалық дизайнерлердің өзі бізде өте тапшы. Сол сияқты мықты IT инженерлер де жоқтың қасы. Ең алғаш елге оралып ақылдасатын, бастамасында кеңес беретін дизайнер таба алмағанмын. Сол уақыттарда өз тәжірибесімен бөліскен Индонезиялық 17 жасар және Индиялық 20 жастағы жасөспірім балалар еді. Жас болса да осы балалардан кеңес сұрап, ақылдасқанмын. Біздегі осы саланың ақсап тұрғанынан ба дегенде ой келеді. Бастапқыда қорқыныш болуы табиғи нәрсе. Бұл жағын да түсінуге болады. Бірақ, тек бастапқы қадамды жасау керек. Қазір білім алуға барлық жерде мүмкіндік бар және ақысыда өте тиімді. Оқумен қатар ел көріп достар табуға да мүмкіндіктер мол. Тек тұлға өзінің не қалайтынын шешіп алу керек. Ал, қызыққан бағытың бойынша кетсең тез дамисың.

Қазақтың жігіттері

Бәрін басынан бастау қаншалықты қиын?

Қиын емес. Көз қорқақ болатыны анық, тек бастамасында аздап қолдап жіберетін жандар болса, тіптен жақсы. Менің жанымда ондай жандар болды. Мүмкін, бір жағынан сол кісілердің күш беруімен де осындай деңгейге жеттім деп ойлаймын. Әйтсе де, оның барлығы да қосымша факторлар. Ал, негізгі фактор адамның өз қалауы. Жарты өмір бойы өзің жүректен қаламаған салада күніңді өткізуден асқан қиын нәрсе болмаса керек. Күнде сағаттың кешкі 6 болуын күтіп тезірек жұмыстан кеткің келіп және аптаның күні дүйсенбі болғанына таңертең іштей ашынып, көңілсіз жұмысқа барып өмір сүру мүмкін емес қой. Әр сәттің өз рахаты болғаны жақсы. Демек, өзіңіздің 3 ай, 6 ай, 1 жыл яки 2 жылыңызды болсын қиып, сүйген салаңызды игеріп алсаңыз, ары қарай барлығы да жақсы болады. Өмір бойы ісіңізді ләззатпен істеп өтесіз. Меніңше, аталған дүниелер барлығын басынан бастауға шындап тұрарлық нәрсе. Біздің үйде “Ойшыл адам ойланып болғанша, тәуекелшіл адам тірлігін бітіреді” деген сөз көп айтылады. Барлығын басынан бастауға ешқашан да кеш емес. Тек, жүйелеп тұрып бастасаңыз болғаны.

Жасұлан Өтешов

Жұмыстарымның бірсыпырасымен әлеуметтік желілердегі парақшаларымнан танысуларыңызға болады:

Facebook: www.facebook.com/rabi.satybaldy

Instagram: www.instagram.com/rabiarts

Сұхбаттасқан Жәнібек Нұрыш

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

  1. Рух дегеніміз-Құдірет материясының ең жоғарғы жемісі болғандықтан да бұл қызымызға, рухы түспеу жазылыпты, жан болмысына!!!Бел байлаушылықпен батылдықпен,рухани қасиетінің жоғарылығымен, рухын тез көтере алғандықтан да, өз көңіліне жағатын мамандықты таңдаған екен. Оның үстіне дарынды жан екен. Әрине қазіргі жастардың жұмысы тек компьютермен байланысты болғандықтан, веб беттерін жақсы орындау үшін бұл сурет салу дарындылығы да зор көмек бере алады!! Жастар жұмыс жоқ дейсіздер, жұмыс іздей қалсақ, осы мамандықтарға сұраныс өте көп екен,дұрыс айтасыздар, ендеше неге жақсы оқытуға шақырмасқа сол Беларустардан мамандарды .Себебі бұл тірлік, барлық мамандық — дизайнымен де байланысты да екен!!! Ендеше бірінші дипломы да іске асар еді!! Медицина саласында бұндай дарындылар ісі қайта көп пайда келтіретіні айдан анық болып тұр!! Және де сол медицина аппараттарын,жүйелерінің суреттемелерін, жалпы көрінісін, болмаса ішкі құрылысының оңайлату жолын да, конструкциясын да шағындап, оңайлатуға да істер көп болып, орындалар еді!!! Дистанционно управлениемен де, операция жасағыш аспаптарда көбейе түсіп, сонау шет елге бара бергенше, өзімізде шеберлік көрсете алар едік, жастарымыздың дарындылығын пайдалану жолдары көп екен қазіргі уақытта!!! Бұл қызымыздың ісіне ғана айтып отырғаным жоқ!! Қызымыздың ерекше дарындылығы,рухының байлығы таңғаларлықпен өте-өте қуантады!!! Лайым сурет жағынан жоғарылай берсін, ақ-тілекпен айтарым,-«нұрланып жол ашыла берсін қадамныңнан-бақыт алып келсін ,мерейің үстем болсын әр талабыңнан!!!» Р.S. — Менің айтарым, -Дарынды жастары көп болып-қайта сіздердің уақыттарыңызда , сіздер көп мамандық иесі бола алады екенсіңіздер!!! Әсіресе сурет салғыштардың ерекшелігі, кеңістікте барлық нәрсенің пропорциясымен, тамаша алтын сызығынан шықпай, шынайы оптимальдығын таба алатын дәлділік пен, гармониялығы бар,бар қуатымен қызығарлық ісімен керекті мамандығы болар еді. Ол әрине барлық сала жұмысының инжинирлік ісі болып тұр қазір!! Инженер ең алдымен кеңістікте шебер суреттеп эскиздей дәлділікпен есептей алатын,бірбіріне қиылуыстарын бірлестіре алып, үш кескінде күрделенсе де суреттей алып жаңалықпен дамыта алатын , нано техника, технологиясында да, баламалы отын алу жүйесінде де, атом күшімен де қуаты алынатын жолда да,заготовкасымен бірге,күрделі детальдарын жаңалықпен шығара алатын жаңа мамандықтар керек болуда қазір ендеше!!! Инженерлік жұмыстар сондықтан дизайнер жұмысынан басталып, ауыр-жеңіл,автоматты, автоматты емес, процесизионды индустриямен компьютермен де зор байланыс та болғанынан да шығар , еліңе пайдалығы күшті бола алатын мамандарға жатады. Барлық табысты жұмыстар өңдеу, өндіруден өткендіктен де, инженер жұмысындағы ең бірінші адам баласының жұмысын оңайлататын машиналардан,құрылғылардан бастайды екен, міне байлықтар көзі осында да болып тұр екен.. Ендеше жастарымыздың барлық қазіргі жағдайы осындай болуда!! барлығы бір мамандық қа топырлай берсе, әрине жұмыссыздық та көбейе түседі екен,жұмыс жоқ деп…!! Сондықтан сендер дизайндар әсіресе жастар инженерия жолына да көптеп жол ашыңдар , егерде дарыны көп болса, ол да көп пайда келтіреді екен елімізге!!

Пікір қосу