Илья Ильин допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, қазақстандық ауыратлет Илья Ильин допинг дауына қарамастан Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Дереккөз: tengrinews.kz

8
Илья Ильин

Осыған дейін Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедовалардың жарыстардан шеттетілгені белгілі болған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған.

“Келіп түскен хабар төбемнен жай түскендей болды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесі бойынша, мен жайлы барлық мәлімет ADAMS халықаралық жүйесінде, онда менің әрбір күнім сағатына дейін жазылған, қайда болғаным, жаттығудамын ба, демалыстамын ба, барлығы бар. Мен әрдайым ашықпын және Антидопинг Агенттігінің бақылаушыларына ашықпын және биыл допинг-сынақтан екі рет өттім, Польшада және Алматыда”, – деді ол.

“Өздеріңіз білетіндей, ешбір халықаралық старт допинг-бақылаусыз өтпейді. Мен де барлық спортшы секілді 2004 жылдан бері допинг-сынақтардан өтіп келемін. Нәтижесінде қанымнан тыйым салынған ештеңе табылмай келді. Мен Рио Олимпиадасына дайындалып жатырмын және соңына дейін баруға ниеттімін. Спорт басшылығы процесске барынша кірісті, меніңше, маусымның соңында нәтижесі белгілі болады. Шілде айының ортасына дейін уақытым бар, осы уақыттың ішінде Олимпиадаға қатысуға өтініш беріп үлгеруім керек”, – деді Ильин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, барлық айыптаулардың ойдан құралғанын дәлелдеуге болады.

“Маған қатысты қандай шешім шығып жатса да, өмірімнің 20 жылға жуық уақытын мен спорт залында өткіздім, жаным мен қаным шыққанша, күніне үш реттен жаттықтым, осыны білсеңіздер екен. Менәрқашан елімнің, халқымның сенімін арқалап жүргенімді сездім және тек жеңіс үшін күрестім. Осы жылдар бойы қуанышта да, қайғыда да мені барлығы қолдады. Осы сәтте де сіздердің қолдауларыңызды күтемін. Құрметпен Илья Ильин”, – деп жазды Instagram желісінде Ильин.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.

Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың “Б” допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

8 пікір

  1. Әрине біз Илья Ильинді қолдаймыз! Кез-келген жарыс алдында допингкке тексерілетіні жайлы кішкентай балаға шейін біледі. Қазақстандықтар біз Ильяны қолдайық. Маңдай термен еңбекпен табылған медаль. Сонда Олимпиада спортшыларды келемеждеждей ме? Олимпиадаға біздің қазақ спортшыларын жақындатпаудың амалы, үндемей қалмайық. Ал мен айтамын 4 жылдан соң олар сараптаманы неге көтереді олар қанына да бір нәрселер қосып жіберуі мүмкін.

    • Мен де солай ойлаймын. Сонда осыдан 4жыл бурын кан сынамасын калай және кім тексерді

  2. Проста казактарды ыгыстыру канша ма дуркин чемпион Илья бир емес 4 дуркин алем чемпионы еще генис рекордына енгизди коре алмайды проста осы олимпиадада тагы утпасса ким кепил коре алмайд жай

  3. Илья барса, алтын Қазақстандыкы гой, содан коркып отырган. 4 жылдан бери казир шыккан негылган сараптама??? сонда халык солардын айтканына сенетин акымак деп ойлай ма? Биздин ауыр атлеттер – биз сиздермен биргемиз!!!!

  4. – Шын жақсы-барған жанды құлықтылықпен хош алады, Жамандар-болмашы үшін,адами еместікпен өш алады,Дос көріп кей жаманды жақын тұтсаң,жаныңды кеудедегі қоса алады. Ішінен жақсысы кеткен ел жесір, Өзіңе жамандық қылған пендені кісілік қылда сен кешір дегендей , қайта биік спортыңызға даяр бола алу ыңызға,және де тағы да, адамшылық күресімен шыңында болыңыздар шын жүректен ТІЛЕК БІЛДІРЕМІЗ!! Біз әр уақытта өзімізд ің спорттағы ең жоғарғы интеллектерімізді қолдаймыз, барлық ҚАЗАҚСТАН халқы да әр уақытта бірге, сіздермен бірге,лайым сіздерді де ҚҰДІРЕТ КҮШІ ҚОЛДАСЫН!!!

  5. Үйтіп халықты алдамаяқ қойсын айғақ-дәлелсіз біз сене алмаймыз және халықты ақымақ деп ойламасын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!