Атырау базарларында улы қарбыздар сатылуда

Бірнеше күннен бері қаладағы сауда нүктелеріне тексерген санитар-дәрігерлер жаға ұстатарлық деректерді анықтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Дереккөз: КТК

0
Улы қарбыз

Денсаулыққа қауіп төндіретін қарбыздар қаладағы кез-келген базарда саудаланып жатыр. Оңтүстік облыстардан әкелінген олардың келісі 200 теңге. Мөлшер бойынша қарбыздағы нитраттың нормасы 60 миллиграмнан аспауы керек. Алайда арнайы құрылғы нитрат көлемі 200 миллиграмнан асып кеткенін көрсетті. Сондықтан базар әкімшілігіне қарбыздарды саудадан алып, көзін жою туралы тапсырма берілді.

-Қарбыз құрамындағы нитрат шектен тыс көп. Сол алаңдатып отыр. Тексерілген 10 қарбыздың 9-ында нитрат  рұқсат етілген нормадан 4-5 есе көп. Ең жоғарысы 223 миллиграммм. Бұдан түрғындар жаппай улануы мүмкін деп хабарлайды Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек Мұсағалиев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу