Мәжіліс шетелдіктерге жалға жер беру туралы нормаларды тоқтатуды мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Дереккөз: Ұлт ақпарат
7
Асқар Мырзахметов Мәжіліс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, аталған құжат жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы ҚР Президентінің ағымдағы жылғы Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Аталған заң жобасымен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның және Жер кодексінің бірқатар нормалары тоқтатылады.

Атап айтқанда кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы бүгін екінші оқылымда талқыланатын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

7 пікір

  1. Халқым арқашанда сіздерді осылай бірлікке шақырамын,бірігіп шешкен тоң келте болмас, жер шет елге сатылмасын, жалға да берілмесін,

  2. Ата бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп алған жерімізді шетелдерге беріп, әбден құнарын жойған соң, құнарсыз жерді бізге тастап кетеді.
    өзімізде жастардың үйі жоқ жері жоқ, тізімде (очередь) те тұрған адамдар көп. соларға неге сол бос жерлерді бермейді.

    • Тізімде тұрған кісілерге яғни қара халыққа берген жоғарыдағы кісілерге тиімсіз ,сол себепті олар асықпай отыр

  3. Как вам известно, в связи с вопросами, которые возникли в сфере земельных отношений в соответствии с указом Президента от 6 мая 2016 года, был введен мораторий на некоторые нормы земельного кодекса. А именно, это применение норм закона РК от 2 ноября 2015 года «О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс РК

  4. Енді міндеттерді бөлісу жағын ойластыру керек. Сіз ауыл шаруашылығы саласында Енді міндеттерді бөлісу жағын ойластыру керек. Сіз ауыл шаруашылығы саласында жетекшілік етесіз

  5. Асқар Мырзахметов бұған дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Пікір қосу