Шымкентте бокстан қала әкімінің жүлдесі басталды

Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешенінде бокстан жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Биыл 7-ші рет өткізіліп отырған чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 180 аса спортшы қатысып отыр.

0
Ғабидолла Әбдірахымов Бокс

Дүбірлі былғары қолғап додасының ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жас боксшыларға сәттілік тіледі.

— Өздеріңіз білесіздер бокс спорт түрі жылдан жылға қарқынды дамып келе жатыр. Біздің боксшыларымыз әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетуде. Жыл өткен сайын спорт саласына көптеп көңіл бөлінуде. Осы жылы біз қалалық №5 спорт мектебіне қаржылай көмек көрсетіп, шымкенттік жастарға жақсы шарт-жағдай жасадық. Алдағы уақытта жекпе-жек спортына да көңіл бөліп, жаңа кешен салуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, бокс спорты Шымкент қаласының атын шығарады деп сенемін. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарысты ашық деп жариялаймын, — деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.

Сонымен қатар, қала әкімі 2016 жылдың мамыр айында Павлодар қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Нұрдәулет Ұланұлына медаль тағып, бапкері екеуіне қаржылай сыйлық табыстады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу