Министр Қасымов Баян Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы есеп беру кездесуінде Баян Есентаеваға қатысты істің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дереккөз: tengrinews.kz

1
Баян Есентаева

“Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, біз істі кісі өлтіруге оқталу бабына қайта өзгерттік. Қалғанын сотта білесіздер”, – деді Қасымов.

Ол Баян Есентаеваның ауруханадағы суретінің әлеуметтік желілерде таралып кетуіне қатысты сұраққа да жауап берді. “Қазір тексеріс жүріп жатыр. Бұл жақсы әрекет емес, соңына дейін тексереміз”, – деді ол.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі – Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу