“Шымкент ситидің” құрылысы басталды

Бүгін, Шымкент тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірегей жоба «Shymkent City» іскерлік және тұрғын үй кешені құрылыс жұмыстараның алғашқы отырысы өтті

1
Shymkent City Шымкент сити

Шымкент-келешектің қаласы атанады. Тек Алматы, Астанада ғана емес Шымкентте де осындай жаңа жобалар дүниеге келетіндігіне тұрғындарды сендіріуіміз керек. Бүгін, қаламыздың әр тұрғыны осы бір  тарихи сәттің куәгерлері болып қалатындығына сенімдімін. Алдағаы уақытта жазық жатқан далада барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген зәулім қалащық бой көтереді. Қала тұрғындары көшелері кең, ғимаратары еңселі осы қалашықпен мақтанатын болады. Бұл ретте  жеке инвесторлар тарапынан қаржылық қолдаулар оң жемісін бере бастады», — деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.

Естеріңізге салар болсақ, шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған.

«Shymkent City» міне осы жобалардың жиынтық үлгісі деп айтуға болады. Себебі бұл шаһарлықтар үшін барлық жағдай жасалынған  әмбебап іскерлік және тұрғын үй кешені болмақ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Өте жақсы жоба. Келешекте заманауи үлгідегі кітапхана салынуы қажет. Ол кітапхана ерекше болуы керек. Өзге елдермен иық теңестіруіміз үшін кітапхана маңызды роль атқарады. Кітапхана туралы идеялар өте көп.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!