Ақтөбеде 4 лаңкестің көзі жойылды – ҰҚК

Ақтөбеде 4 лаңкестің көзі жойылды, - деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті. ҚР Терроризмге қарсы орталық Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес жедел штабының қызметкерлерінің күшімен іздестіріліп жатқан қылмыскерлердің өлтірілгенін хабарлады. Дереккөз: tengrinews.kz

3
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті

“Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде лаңкестердің Некрасов көшесіндегі тұрғын үйде екені анықталды. ҰҚК және ІІМ арнайы тағайындаған бөлімше олар жатқан пәтерді қоршауға алды. Қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғындар эвакуацияланды”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, террористер өз еркімен берілуден бас тартып, оқ жаудырған.

“Оларды қаруын тастауға көндіру талпынысымыздан ештеңе шықпады. Арнайы жасақ жүргізген операциядан 4 лаңкес қаза тапты”, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, операция кезінде полицейлер мен бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жұма күні, 10 маусымда ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлағаны белгілі. “Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды”, – делінген хабарламада.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!