ҰҚК: Ақтөбеде террористер тағы да оқ жаудырады

Бүгін, яғни 10 маусым күні Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқаны хабарланды. Дереккөз: Ұлт

0
Ақтөбедегі атыстардан 17 адам қаза тапты

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. «ҚР Антитеррор орталығы биыл 10 маусымда Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес жедел штабы Ақтөбе қаласында терроризм актісін жасауға қатысқан адамдарды ұстау бойынша операция жүргізіліп жатқанын мәлімдейді. Өз еркімен берілу ұсынысына террористер қарумен қарсыласты. Іс-шаралар жалғасуда, нәтижелері жайлы қосымша хабарланады. Күштік әрекеттерді жүргізу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген» деп жазылған ресми сайтта.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу