Илья Ильин, Чиншанло мен Жазира Жаппарқұл РИО-ға баратындар тізіміне енді

Талдықорған қаласында 3 маусымда басталған ауыр атлетикадан Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Турнир нәтижесі — Олимпиадаға баратын атлеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Чемпионатқа 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілген.

Дереккөз: Аламан
0
Илья Ильин

Жарыстың алғашқы күнінде 56 келіге дейінгі (ерлер арасында) және 48 келіге дейінгі (әйелдер арасында) салмақтағы жеңімпаздар анықталды. Чемпионаттың алғашқы алтын медалін қоссайыста-256келі (116+140) салмақты көтерген Игорь Сон алды.

48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында Александра Лачкова-143келі(67+85) салмақты көтерсе, 53 келіге дейінгі салмақтағы сайыста (өз салмағы бойынша Қазақстанның фавориті) Маргарита Елисеева қоссайыста- 200 келі(88+112)салмақ көтеріп, ел чемпионы атанды.

Жарыстың екінші күнінде 58 келіге дейін салмақтан әйелдер арасында Олимпиада чемпионы Зульфия Чиншанло ел чемпионы болып қана қоймай, серпе көтеруденөзінің жеке рекордын 137 келіге дейін жаңартты.

63 келіге дейін салмақтан әйелдер арасында Асем Садыкова мен Сәуле Садуакосова  чемпиондыққа таласты. Үш келі салмақ басымдылығымен Садыкова 229 келіні (103+126) көтеріп, алтын алды.

Жарыстың үшінші күнінде 69 кг дейінгі салмақта ерлер арасында Фархад Харки қоссайыс қорытындысы бойынша 322 келі көтеріп чемпион атанды.

69 келі салмақта әйелдер арасындағы сайыста Карина Горичева 261 келі (120+141) Олимпиада чемпионы Майя Манезадан 14 келі артық көтерді. Манезаның нәтижесі — 247келі (110+137).

+75 келіге дейінгі салмақ бойынша 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова (жұлқа көтеру — 125, серіппе көтеру — 161) қоссайыс бойынша 286 келі көтеріп, бес келі айырмашылықпен Надежда Ногайдан жеңіліп қалды. Дегенмен, Подобедованың негізгі салмағы 75 келі екенін ескерген жөн.

Ал 75 кг дейінгі салмақ бойынша алтынды Жазира Жаппарқұл алды — 270 келі (120+150).

Жарыстың төртінші күні 77 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында Альберт Линдер 337келіні (150+187) көтеріп чемпион болды. Ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақтаНижат Рахимов жеңімпаз атанды.

Жарыстың соңғы күні 94 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында Денис Уланов жұлқа көтеруде 180 келіні, серіппе көтеруде 216 келіні көтеріп чемпион атанды. Қарсыласы Рустем Сыбай жұлқа көтеруден 175 келіні көтеріп, алайда серіппе көтеруде 222 келіге тапсырыс беріп, көтере алмай екінші орынды иеленді.

105 келіге дейін салмақта ерлер арасында Максим Лактионов 357 (170+187), 105 келіден жоғары салмақта Cелимхан Абубакаров — 438 (200+238) ел чемпионы болды. Александр Зайчиков +105 келіде сынға түсіп қола медаль иеленді. Бірақ оның негізгі салмағы 105 келі.

Ел чемпионатына Илья Ильин қатысқан жоқ. Бірақ ол Риоға баратын кандидаттар тізіміне енді. Сонымен ел чемпионатының қорытындысы бойынша Алексей Ни жариялаған Риоға баруға үмітті кандидаттар тізімі

Ерлер арасында: Кирилл Павлов, Александр Зайчиков, Фархад Харки, Арли Чонтей, Денис Уланов, Селимхан Абубакаров, Нижат Рахимов пен Илья Ильин.

Әйелдер арасында: Карина Горичева, Жазира Жапаркул, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Маргарита Елисеева мен Светлана Подобедова.

Ал олимпиадаға нақты қатысатын алты ер, төрт әйел ауыр атлеттің есімі 18 шілдеде жарияланады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу