Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға неге келді?

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға келді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дереккөз: Егемен

0
Сергей Шойгу

Бүгін Сергей Шойгу Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өтетін Қорғаныс министрлігінің жиынына қатысады.

«Жиында халықаралық қауіпсіздік пен Шанхай ұйымының кеңістігінде жаңа қауіп-қатерге тиісті шаралар қолдадану жолдарын анықтау секілді мәселелер талқыланып, әріптестермен пікірлесу», – дейді Ресейдің әскери ведомства өкілі Игорь Конашенков.

Сонымен қатар, ол: «Осы жиында қыркүйек айында Қырғызстан елінде өтетін «Бейбітшілік миссиясы-2016» атты антитеррорлық оқу-жаттығу шарасының жоспары пысықталады», – деді.

Айта кетейік, аталған оқу-жаттығу жиыны ШЫҰ аясында біріккен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің қатысуымен өткізіледі. Негізгі мақсат – лаңкестіктің алдын алу, террорлық әрекетке тойтарыс беру және қатысушы елдердің әскери біліктілігін арттыру.

Жиын соңында Сергей Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрімен кездесіп, әскери-техникалық әріптестіктті нығайтатын құжаттарға қол қояды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!