ІІМ “Қазақстанды азат ету армиясын” жоққа шығарды

Қазақстанның ішкі істер министрлігі "Қазақстанды азат ету армиясы" туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын, бұл топ туралы ешқандай ақпараты жоқ екенін мәлімдеді.

0
Ақтөбе атыс

“Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл ұйым туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ешқандай тексерістер де жүріп жатқан жоқ” деді министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та “Ақтөбеде 5 маусымда болған шабуылды “Қазақстанды азат ету армиясы” атты топтың мойнына алғаны” туралы мәлімет тараған еді.

6 маусым күні Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов “Қазақстанды азат ету армиясы” туралы сұраққа түсініктеме бере алмайтынын айтқан.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і – шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі – бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар “радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін” деген болжам айтады.

Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы “қызыл сызығы” деңгейі жарияланған. Ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің “сары деңгейі” жарияланған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!