Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевқа баға жөніндегі келісімдер жайлы деректер баяндалды

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевқа баға жөніндегі келісімдер жайлы деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп жатыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы он айының қорытындысы жайлы баяндаманы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жасады.  Дереккөз: Tengrinews.kz

0
ақорда назарбаев

“Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын ұстап тұруға ерекше назар аударылып жатыр. Бүгін елдің барлық өңірінде ұлттық экономика министрлігі дәрілік құралдарды, жанар-жағармай материалдарын және өндіріс тауарларын жеткізу бойынша баға келісіміне 74 тергеуді тағайындады. Бағаның негізсіз көтерілуі мәселелері үкімет пен әкімдердің әрдайым бақылауында”, – деп хабарлады Досаев.

Ұлттық экономика министрі келесі мәліметтерді келтірді: Қазақстанның биылғы тоғыз айының экспорты 42,5 пайызға, ал импорты 23,8 пайызға қысқарды. Теңге бағамының әлсіреуіне байланысты қазан айында инфляция 5,2 пайызды құрады, ал жылдық мөлшерде – 9,4 пайыз болды. Республикада жұмыссыздық деңгейі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 4,9 пайызды құрады.

Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық “ЭКСПО-2017” мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!