Дәурен Абаев Ақтөбедегі жағдайға қатысты пікір білдірді

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 5 маусым күні Ақтөбеде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Дереккөз: tengrinews.kz

6
Дәурен Абаев

“Кеше барлығымыз үшін ауыр күн болды… Лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, жарақат алғандардың сауығып кетуін тілеймін. Біздің полицейлер мен әскерилер қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, экстремистердің қылмыстық әрекеттерінің соққысын өздеріне қабылдады. Мұндай күрделі кезеңдерде қоғамдағы тұрақтылық көп жағдайда ақпараттық алаңға да байланысты. Сондықтан да ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріме дер кезінде ақпарат беріп отырғандары үшін алғыс айтқым келеді”, – деп жазды министр Facebook парақшасында.

“ІІМ баспасөз қызметі ақпараттарды жедел тексеріп, жедел жұмыс істеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының ашық ұстанымы халық арасындағы қауесеттердің таралмауына септігін тигізді. Біздің журналистерге де ақпараттарды ресми дереккөздерге сүйеніп, әділ бергені үшін алғыс айтамын. Біз ары қарай мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығын көтеру үшін жұмыс істейміз”, – деді ол.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің “Паллада” қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

6 пікір

  1. Нам надо с пониманием отнестись к данной ситуации и не создавать панику, наоборот содействовать сотрудникам правоохранительных органов

  2. Обращайте внимание на странные предметы, сейчас мы должны держаться вместе и помогать полицейским, если что то заметили неладное сразу звоните в полицию, это для нашей же безопасности

  3. Бейбіт адамдардың өмірін сақтау үшін өз өмірін пида еткен азаматтарға бас иіп, жақындарына қазаның арты қайырлы болсын дейміз.

  4. Молодцы наши правоохранительные органы, сразу ситуацию взяли под контроль, не только Актобе, все регионы перешли на усиленный режим

  5. Не надо создавать панику, держите себя в руках, не верьте слухам, просто будьте бдительны, внимательны, избегайте места где собирается толпа

  6. Қаза болған жандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілейміз

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!