Ауа райы: Елімізде таяу күндері 31 градус аяз болады

Таяу күндері еліміздің солтүстігінде үскірік аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті. АрқылыTengrinews.kz

0

Синоптиктердің мәліметінше, Сібірдің солтүстік аудандарындағы антициклон еліміздің солтүстігіндегі ауа райына қатты ықпал етті. Соның салдарынан бірнеше күннен бері бұл өңірде ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен болып тұр.

“19-21 қараша аралығында антициклонның әсері күшейеді, соған байланысты ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде 28-31 градус аяз болады”, – деп хабарлады метеорологтар.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстігіне Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон жылжиды. Осыған байланысты күн ала бұлтты болып, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Алайда ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа жоғары болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!