Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли қайтыс болды

АҚШ-та тыныс алу проблемаларына байланысты ауруханаға жатқызылған есімі аңызға айналған боксшы Мохаммед Әли жұма күні қайтыс болды.

0
Мұхаммед Әли

74 жастағы Әли соңғы бірнеше күн жатқан Финикс ауруханаларының бірінде көз жұмды. Американдық телекомпанияға спортшының өлімі туралы ақпаратты оның отбасының өкілі растады, деп жазады РИА Новости.

Британдық Mirror басылымы 3 маусымда 74 жастағы американдықтың ауруханаға тыныс алу проблемаларына байланысты жатқызылғанын хабарлады. Кейінірек американдық Финикстегі емхана дәрігерлері есімі аңызға айналған боксшының туыстарына оның халі өте нашар екенін жеткізді.

Дәрігерлер Әлиді Финикс ауруханасынан шығару мәселесін қарастырды, алайда бұл пациент үшін ауыр болады деген ұйғарымға келді.

Айта кеткен жөн, Мұхаммед Әли 1960 жылы Олимпиада чемпионы болды. 1999 жылы «Ғасыр спортшысы» атанды. Үш мәрте WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағына қол жеткізген. Кәсіби рингте 61 кездесу өткізіп, оның 56-сында жеңіске жетті. 37 жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу