Елімізде алты жасқа толмаған балалар 1-ші сыныпқа қабылданбайтын болды

Мектеп жасына толмаған бала мектепке қабылданбайды. Дайындық тобына баратын бала қыркүйек айына дейін жасы 5-ке, бірінші сыныпқа баратын бала 6 жасқа толып бару керек. Бұл туралы Keрek.info тілшісіне облыстық білім басқармасының бас маманы Рахима Жамансарина хабарлады. Дереккөз: Керек-Инфо

0
Мектеп оқушы мұғалім

“Бұған дейін де осылай болды. Білім заңына және 2012 жылы қабылданған үкімет қаулысына сәйкес 1 қыркүйекте 1 сыныпқа тек 6-7 жасқа толған балалар ғана қабылданады”- деді бас маман.

Рахима Сағиқызының айтуынша, бала саны жетіспеген жағдайда кейбір мектептер қабылдауы мүмкін, бірақ бәрі заң талабына сәйкес болу керек.

Дайындық тобын аяқтаған балалардың арасында 6 жасқа толмағандықтан дайындық тобына қайта барады. Ал психолог мамандар бұл баланың психофизиологиялық жағдайына әсер етпейді, тіпті, тиімді болуы да мүмкін деп отыр.

“Ата-ана баланың психикалық құбылыстарының даму деңгейін ескере отырып, психологтармен, педагогтармен ақылдаса отырып шешуі тиіс. Дайындық тобына екінші рет бергенде әлеуметтік ортасының өзгеруі балаға тиімді болуы да мүмкін”, – дейді психолог Мейрамгүл Есенғұлова.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу