Мұхтар Шаханов: Жиырма төрт мың қазақ қызы қытайға тұрмысқа шығыпты

Аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек. Қазақпарат хабарлағандай, Елордада өтіп жатқан Жер реформасы бойынша комиссияның үшінші отырысында комиссия мүшесі, ақын Мұхтар Шаханов осылай деді.

5
Мұхтар Шаханов

Өз ойын дерекпен дәйектеген Мұхтар Шаханов былай деді: «Жерді Қазақстан азаматтарына жалға беруге болады деп жатырмыз. Тек бір мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек.  Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы  қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта  Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеу балалар сан миллиондаған жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек».

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

  1. тышқаннан жасалған куырдақ жеп, балапаннан жасалған фарштан манты жеп отырған шығар есек қыздар

  2. Елді елеңдетіп онсыз да жағдайдың төмендігінен белшеден батқан несиеден есін жинай алмай отырған жандар үшін жер шет елдіктерге беріледі деген хабар мақтамен бауыздағандай болды. менікі болмаса да елдің жері бар деген көңілдің тоқтығы бір сәтте құмға сіңді. Баспанасы жоқ күйеуге шыға алмай ешкімге керек болмай жүрген қыздар еш нәрсеге қарамастан ел азаматтығын алып көбейсем мен де адам қатарына қосылсам деген қара байыр қытайда адам ретінде есепте жоқ қытайға тиюден басқа амалы болмай қара қытай қаптары сөзсіз. Сол себепті келген қытайларға қазақстан азаматтығы бар қыздармен некеге тұра алмайтындай оларға азаматтық берілмейтіндей шараларды қарастырып заңмен бекіту керек ақырзаман келгенше өзгеріскке ұшырамастай етіп. қарусыз жердің иесі болғысы келген көршілердің алдын орау керек.

  3. осындай жеңілтек қыздар ел тәуелсіздігіне қауіп келтіруі мүмкін раушан дұрыс айтады

Пікір қосу