Астанада автобус бағдаршамды қиратты

Астанада жол-көлік оқиғасы кезінде автобус бағдаршамды қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Дереккөз: Tengrinews.kz
0

ІІД ӘПБ хабарлауынша, бүгін таңертең, сағат 08.20-да Түркістан — Достық көшелерінің қиылысында Достық даңғылымен кетіп бара жатқан №12 маршруттың Scania маркалы автобусы мен Қонаев көшесіне бұрылмақшы болған Datsun On-Do автомобилі соқтығысып қалды. Салдарынан автобус жолдың жиегіне шығып кетіп, бағдаршамға соғылды.

ІІД ӘПБ жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автомобильдің ішіндегі екі жолаушының медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады. Автобус тұрғындарының ешқайсысы көмек сұраған жоқ.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК 610-бабы («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу