Абель Санчес Головкин – Альварес жекпе-жегі өтетін күнді атады

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) Абель Санчес On The Ropes Boxing Radio эфирінде қазақстандық боксшы мен орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (47-1-1, 33 КО) арасында жекпе-жектің қашан болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Геннадий Головкин

Санчестің айтуынша, тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр және келісімге келсе, жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Алайда бапкер кездесудің қайда өтетінін нақтыламады.

“Олар келіссөздер жүргізіп жатыр, келісімге келеді деген үміттемін. Біз бұл жекпе-жекті көргіміз келеді. Оның Пакьяо мен Мейвезердің жекпе-жегі сияқты болғанын қаламаймын, бірақ бәрі командаларға тәуелді. Егер бірдеңе болса, меніңше, маған хабарын береді. Том Леффлер мен Геннадий көп кездеседі, мүмкіндік туса, 17 қыркүйекте біз ұлы жекпе-жек көреміз”, – деді Санчес.

Еске салайық, осыған дейін Альварес WBC белбеуінен бас тартқан еді, титул Головкинге берілді. Алайда мексикалық қазақстандықпен жекпе-жекке шығуға тырысып жүр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!