Қырғызстанда болған жер сілкінісі Қазақстанда сезілді

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Қазақстанда сезілді

0

17 қараша күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 23:29-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.2, магнитудасы – 6,3. Тереңдігі – 0 шақырым.

Тараз, Шымкент қаласы мен Мерке кентінде қуаты 3 балдық жер асты дүмпуі сезілсе, Алматыда ол 2 балды құраған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!