Мұхтар Шаханов: “Біз, шындықты айту үшін жиналдық”

Мұхтар Шаханов қоғамшыл азаматтарды құрықтағанды тоқтатуды сұрады. Соңғылары, рұқсат етілмеген жиындарға шақырулар үшін ұсталған. Астанада Жер реформасы Комиссиясының екінші отырысы өтуде. Басты мәселелердің бірі болып рұқсат етілмеген митингке шақыру жасаған қоғамшыл азаматтардың тұтқындалуы себеп болған. Мұны қозғаған "Жалын" журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов болды, деп хабарлайды Today.kz. Дереккөз: today.kz

5
Мұхтар Шаханов

“Елімізде 40 жуық азаматтар сотталғаны бізді мазалайды. Біз осы жерде халыққа шындықты айту үшін жиналдық емес пе. Осы мәселені шешу керек. Егер болашақта мұндай жәйттер қайталанатын болса, онда біз мына жерге неменеге жиналып отырмыз? Менің ойымша мұндайға жол бермеу керек, азаматтарға қатысты мынадай шаралар қолдануды тоқтату керек. Тоқтату керек”, – деді Шаханов.

Комиссия төрағасы,ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге бірнеше уақыттан соң қайта тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мен Астанада 21 мамырда жерге қатысты митинг ұйымдастыруға рұқсат берілмеген. Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Бас прокуратурасы арандатушылыққа жол бермеуді айтып, рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

  1. Мен Мұрат Жұринов ағамыздың шет ел инвестициясын ауыл шаруашылығын көтеруге тарту туралы пікіріне қосыламын. Жерді жалға аламын сендерге де пайда келтіремін өзім де пайда табамын және жер анаға да пайда келтіремін деген азаматқа мейлі ол Қазақстан азаматы лошсын мейлі ол шет ел азаматы болсын жерді беру керек. Ал енді жерді қалай беру керек осы мәселені дұрыс шешу керек.

    • Ануар, сіздің әкеңіз патриоттық сезім туралы айтпаған ғой шамасы. Оған да оның әкесі айтпаған шығар.

    • Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демей ма атам қазақ, міне осы сен туралы болар шамасы. Бәрін жетістіріп болып енді жерді саудаға салайық демекшісің ғой. Бұл жарамас

    • Жерді жалға беруге әсіресе шет елдіктерге жалға беруге қарсымын. Қазақтың жері тек қазақстандықтарға тиесілі.Атамыздан аманатқа қалдырылған.Әрбір осы елдің яғни қазақ елінің азаматына (қазаққа) берсін жерді.

  2. Жалпы жерді сату тіпті шетелдіктерге жалға беру туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ,неге үкімет басындағылар осы жерді сатуға жабысып қалды

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!