Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жерге жеке меншік қазақтың ата-баба дәстүрінен үзілмей келе жатыр

Жерге жеке меншік қазақтың ата-баба дәстүрінен үзілмей келе жатыр. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті.

5
Нұр Отан партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед

«Жерді жеке меншікке беру керек пе, жоқ па? Жалпы Конституцияның 6-бабында жер жеке меншікке де, мемлекет меншігінде де болуы керек деп жазылған. Қанша комиссия құрсақ та, қанша қаулы қабылдасақ та онда қабылданған шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші болмайды. Яғни, осыған байланысты жер жеке меншікте де болуы керек», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Бұдан бөлек, ол баспасөзде Қазақстанда еш уақытта жер жеке меншікте болмаған деген ұшқары пікір жүргеніне назар аударып, соған қатысты ұстанымын блдірді.

«Егер әлемде жердің меншігі бір халықта болған болса, ол қазақ халқында ғана болатын еді. Қазақтың жайлауы да, қыстауы да, керек десеңіз көшіп-қонғандағы маршруты да белгілі болған. Көшіп-қонуда басқа рудың жеріне түсіп кетсе, руаралық қақтығыстар орын алған. Сондықтан да, жерге жеке меншік қазақтың ата-баба дәстүрінде бар», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі жерді жеке меншікке берудегі ескерілетін мәселелерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, жер реформасына қатысты қабылданған заңда кемшіліктер баршылық. «Мәселен, онда жерді Қазақстан азаматтарына жеке меншікке сатуға болады дейді де,  оларға жалға беруге болмайды деп жазылған. Ал бұған дейінгі кодексте Қазақстан азаматтарына  жалға да берілетін, сатуға да болатын. Сонда қалай? Шетелдікке жалға беруге болады, сатуға болмайды, Қазақстанның азаматына сатуға болады, жалға беруге болмайды. Бұл дұрыс емес, қазақстандықтарға жалға да, сатуға да берілуі керек. Өйткені, бір азаматымыздың жерді сатып алуға ақшасы бар, екіншісінде ондай қаражат жоқ», – деді ол.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

  1. Бл пікірге қосыламын. Біздің 10 сотық жерді ала алмай кезекте күтіп жүргенімізге 10 жылдан асты, ал қытайлар келіп аяқ астынан 5 мыңнан сатып алатын болыпты дегенді естігенде шыныменде ренжігеніміз рас. Бізді сол қытайларқұрлы көрмегеніме деген ой әрбір қазақтың көңілінде тұрады. Әуелі қазақтың өзіне жер жеткізіп алсында, ексін, сатсын, өзін-өзі қамтамасыз ететіндей дәрежеге көтерілсін. Ашудың бәрі осыдан туындап жатқан жоқпа?…

  2. сатындар барин! 100 жылдан кеин казак кобеимеима сол кезде не болмак? согыс болса атысатын калык! жер дауында таяк жеитин калык! карапайым калык болмаса! солдаттарымыз менттеримиз кимнин балдары карапайым калыктики! утатын жогарыдагы милонерлер! басымызга кун туса кашып кететин сол милонерлер!!! ким елди коргайды карапайым калыктын солдат балдары!!!

  3. Жерді сатуға болмайды, болмайды және болмайды. Жерді шетелдіктерге(қытайға) жалға беруге болмайды, болмайды және болмайды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!