ІІМ: Қазақстанда рұқсат етілмеген митингтер болған жоқ

Бүгін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеxа заңсыз митинг ұйымдастырмақ болған адамдардың ұсталғандығы туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Астанада митингті ұйымдастыруға тырысқан бір топ азамат ұсталған. Дереккөз: ҚазАқпарат

1
Игорь Лепеxа

«Біз митингті болдырмау үшін жұмыс істедік. Дегенмен бүгін бір топ азамат заңсыз митинг ұйымдастыруға және өткізуге тырысты. Сондықтан біздің қызметкерлер оларды құрықтады. Кейін олардың тұлғалары анықталып, не үшін келгендері белгілі болған соң, олар босатылды, – деді И. Лепеxа. – Бүгінгі уақыт бойынша айтарым, бұл өте қысқа уақытта өтті. Сондықтан нақты сандар келтіре алмаймын. Осы жағдайды саралап жатырмыз. Бір анығы елде заңсыз митингілер тіркелген жоқ, полициямен қақтығыстар орын алмады, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Кейінірек толыққанды ақпарат болады».

Оның сөзі бойынша, Астанада «Бәйтеректің» маңында V өткізу үшін өтініш берілген. Дегенмен қала басшылығы оған рұқсат бермеді. Сондықтан митингілер, шерулер заңсыз деп танылып отыр.

Сонымен қатар ол Алматыда митинг ұйымдастырмақ болған азаматтарға қатысты да түсініктеме берді.

«Алматыда заңсыз митинг болған жоқ. Жиналмақ болды, бірақ оның да алдын алдық. Онда адамдар өте аз болды. Нақты айта алмаймын, бірақ шамамен 20-30 жиналыпты. Бірақ олардың көбі митинг өтіп жатқандығын, оның заңсыз екендігін де білмеген, жәй ғана көруге, тыңдауға келген. Олардың барлығы жіберілді», – деді И. Лепеxа.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!