Қазақстан үкіметі «жер реформасын белсенді түрде талқылауға» шақырды

Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанада үкіметтің «жер мәселесіне қатысты ұсыныс білдіргісі келетіндерге мейлінше ашық екені туралы» мәлімдеме жасады.

0
Қазақстан үкіметі Ақорда

Үкімет пен президенттік партияның жетекшілері жер реформасын арнайы құрылған республикалық комисссия аясында талқылауға шақыратындарын мәлімдеді. Бұл комиссия ауыл шаруашылығы жерлерін жекешелендіру мен шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруді көздейтін жер кодексіндегі жаңа өзгерістерге қарсы наразылықтан соң құрылған болатын. Заңға енген түзетулер 5 мамырда уақытша тоқтатылды.

– Әрбір сұраққа талдау жасалады, жер кодексіне қатысы барлары комиссияда қаралады, қалғандары мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Біз бұл мәселені талқылауға біздің азаматтардың мейлінше көп бөлігінің қатысқанын қалаймыз, сондықтан бұл жұмыстарға Астана, Алматы және облыс әкімдіктерінің жанындағы қоғамдық кеңестер жұмылдырылған, – дейді Бақытжан Сағынтаев

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Астанада 21 мамырда өтетінін хабарлады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!