Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд долларға жеткен

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд. долларды құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Внешный долг Қазақстан мемлекеттік қарызы

«2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 трлн. 22 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл АҚШ долларына шаққанда 26,6 млрд. долларды құрап, ІЖӨ 21,6 пайызына тең. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан «Мемлекеттік қарыз» индексі бойынша 140 мемлекеттің арасында 12-ші  орынға ие болып отыр», – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, борыштық жүктемелер де елімізде бұрынғыдай қауіпсіз деңгейде тұр. «Борыштарды қайтарудың кірістерге арақатынасы 10 пайыздан төмен, бұл ретте шекті деңгей 15 пайыз болып табылады», – деді министр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!