Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Атырауда су астында қалған отбасы адам төзгісіз жағдайда тұрып жатыр. Су басқан үйдегі екі адамдық керуетке төрт адам алма кезек ұйықтауға мәжбүр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Дереккөз: nur.kz
0
Жауынбай Өтеғалиев

Жауынбай Өтеғалиев үйіне наурыз айынан бастап су кіре бастағанын айтады. Отбасы үш айдан бері су астында отыр. Алғашында қарияның өзі суды шелектеп тасып төккен. Алайда, қайта-қайта жауған жауыннан үйді түгел су басып, қарияның оны төгуге шамасы келмей қалады.

«Түнде үйдегі екі кереуетке төртеуміз кезектесіп ұйықтаймыз. Өйткені, бар-жоғы екі-ақ кереует. Үлкен қыз екінші топтағы мүгедек, оған да оңай соғып жүрген жоқ. Екінші қыз 7-ші класс оқушысы. Оның сабаққа дайындалуына, жуынып-шайынуына ешқандай мүмкіндік жоқ», — дейді Жауынбай ақсақал.

Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (фото)

Атыраулық жастар үйін су басып кеткен қария туралы ақпаратты әлеуметтік желіден оқып, қол көмегін көрсетуге барған.

«Желіде Атырау қаласы Аманшин көшесі 15-үйде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйін су басты деген ақпарат жарияланды. Оны ести сала атаның үйіне бардық. Суға кеткен үйдің иесі Ұлы Отан соғысының ардагері емес, оның ұлы, яғни 2-топтағы мүгедек Жауынбай Өтеғалиев екен. Біз қол көмегін көрсетіп,  азық-түлік апарып бердік», — дейді «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының мүшесі Гүлбану Нұрымқызы.

Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (фото)

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып жүрген жастар қариялардың адам шошырлық жерде тұрып жатқанын айтады. Құлауға келген баспананың ішін су алып кеткен. Дымқылдың кесірінен үйдегі телевизор да өртеніп кеткен.

Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (фото)

Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (фото)

«Үйде етікпен кіріп-шығып жүреміз. Төсеніш атаулыны ұмытқалы қашан. Наурыз айынан бастап үш ай бойы не жерге сіңіп, не төгілмей тұрған жаңбыр суы сасып, шіріген иіс үйді алып кетті. Күндіз ештеңе емес-ау, терезені ашып қоямыз, ауа кіреді. Түнде қиын. Тымырсық. Терезені аша алмаймыз, есік-терезеден ентелей кірген маса ұйықтатпайды», — дейді Жауынбай Өтеғалиев.

Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (фото)

Ақсақал су басып кеткен үйінде намаз оқитын жер таппай аулада тұрып, құбылаға қарайды.

Атырауда үйін су басқан қариялар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (фото)

Атыраулық жастар қарияға көмек көрсету жұмыстарын бастап кеткен.

Отбасыға көмектесем деушілер үшін:

Байланыс телефоны — 8 778 165 94 96

Киви әмияны — 8 708 189 11 89

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу