Геннадий Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин WBC белбеуін иеленді, белбеуден мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес өз еркімен бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

0
Геннадий Головкин

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Golden Boy Promotions компаниясынан Альварестің орта салмақтағы WBC тұжырымынан бас тартатыны жайлы шешімінің ресми түрде растауын алды. Осылайша Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

“Бүгін көп ойланғаннан кейін мен Golden Boy Promotions командасына Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге келіссөздерді жалғастыруды тапсырдым және келісімді тезірек аяқтауды сұрадым. Ал WBC-ке атақты босататынымды хабарладым. Мен Головкинмен жекпе-жекке шығып, оны жеңемін, бірақ менің жекпе-жекке шығуыма уақыт шектеу қойылмайды. Енді уақыт таямайтын жағдайда екі команда келіссөздерді жүргізе алады және мен Головкинмен тезірек рингке шығамын да жанкүйерлеріме қалауын беремін”, – деп мәлімдеді “Канело”.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!