1 қыркүйектен бастап мектептердегі қағаз есептілікке тыйым салынады

2016 жылғы қыркүйектен бастап мектептердегі қағаз есептілікке тыйым салынады. Бұл туралы Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеген болатын. Дереккөз: ҚазАқпарат

8
Ерлан Сағадиев

«Мұғалімдердің есептілік құжаттарын толтыру машақаты қиын мәселе, дегенмен де бұл бағытта елеулі жұмыстар атқарылды. Осы ретте 2016 жылдың қыркүйегінде мектептерде қағаз жүзіндегі есептілікке тыйым салу мақсатын алдымызға қойып отырмыз. Бұл тұрғыда жұмыстар үш бағытта жүріп жатыр.

Біріншісі, ҚР БҒМ-ның ІТ-департаментін күшейтуге негізделген. Қазіргі кезде осы шаралармен айналысудамыз, қажетті мамандарды қабылдап, олардың қызметін кеңейтудеміз. Бұл өз кезегінде жекелеген мәліметтер базасын бірыңғай жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар есептілікке қатысты жағдайды нақты суреттеуге ықпал еттеді », – деді Ерлан Сағадиев.

Бұдан бөлек екінші бағытқа тоқталған министр: «Бізде Қазақстандағы әрбір ведомство мектеппен тікелей байланысып, есептілікті талап ету құқығына ие болған еді. Біз тиісті өзгертулер енгіздік. Жақында Президент балалар құқығын қорғау заңнамасын қабылдады, осы орайда бұл заңда ҚР БҒМ мектептерден есептілікті талап ететін жалғыз орган болып табылатындығы туралы норма бар», – деді.

Үшіншіден, енді Білім және ғылым министрлігі талап ететін есептілікті ретке келтіруге мән беріледі.

«Енді ақпарат алғыларыңыз келсе, мектепке бармайсыздар, яғни  министрлікке сұрау жасайсыздар. Осы ретте біз мұғалімдерді қорғаймыз. Біз өзіміздің ішкі есептілікті қысқартып, ретке келтіруіміз қажет. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қағаз есептілікке тыйым салып, оның көлемін айтарлықтай қысқартуды көздеп отырмыз»,-деп түйді сөзін министр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

8 пікір

  1. Біз жұмыс істеп жүрген кездердеде болған мұндай бастамалар, сабақ жоспарларымызды компқа ендіріп қойып бекітуге апармай жүрдік біршама, сосын қайтадан баяғыша жоғарғы талаптар орнына келді…

  2. Жақсы шешім. Əйтпесе мектеп мұғалімдері сабақ беріп емес,қағаз толтырып уақыт өтеді

  3. Білім саласындағы іс жүргізушілердің айлық жалақысын көбейтуге бола ма
    Мəселен біліміне қарап, əрине түсінем іс жүргізуші деген жоғары мамандық дегенмен сондай бір жолын қарастыруға бола ма Ерлан ағай

    • Бос сөз! Талай министр келген, кеткен. Бәрі әрнәрсені өзгертуге Уәде берген 2007-2008 оқу жылы енген багдарлы оқытудың өзі сол кезінде айтылғандай бағытта жүзеге асырылған жоқ. Окушы қай бағытта окыса да ( жаратылыстану ма алде гуманитарлық па) УБТ-ны бірдей талаппен тапсырып келеді, осы 8 жыл бойы . Ештеңе озгерген жоқ. Киналатын-мұғалім.

  4. Осы маселе халыктын кокейтести маселе сондыктан жузеге асса деп куба куп болар еди….!!!!

  5. Қағазды емес есепті азайту керек. Қағазды электрондық нұсқаға ауыстырып мəз болмайық. Белгілі бір деңгейдегі органдар мəлімет сұрауын қойсын. Əкімшілік, ішкі саясат т.б есеп талап етуін тоқтатсын.

Пікір қосу