Мұрат Журинов: Шетелдік инвесторлардың жерді жалға алуын қолдаймын

Бүгін Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында бұл мәселе басты тақырыпқа айналды.

Дереккөз: НұрОтан
20
Нұр Отан жиналыс стол

Жер реформасын талқылауға Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясының жүзге жуық өкілі қатысты. Олардың ішінде Қазақстанның Ұлттық ғылыми академиясының төрағасы Мұрат Жұрынов, Қазақстан жазушылар одағының жетекшісі Нұрлан Оразалин, Халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, танымал ғалым-академиктер Төрегелді Шарманов, Еділ Ерғожин, Аманжол Қошанов, Нағима Айтқожина мен Әлия Бейсенова, белгілі жазушылар Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев пен Валерий Михайлов  және де шығармашылық одақтардың жетекшілері мен алматылық ЖОО ректорлары қатысты.

Сонымен қатар, кездесуге ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров қатысты.

Жиналғандар алдында сөз алған Мұхтар Құл-Мұхаммед Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылғанын және де Жер кодексінің қоғамда үлкен дау тудырған бірқатар нормаларына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі мораторий енгізгенін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының жер реформасының жалпыхалықтық талқылауын ұйымдастырып, оның түпкілікті мәнін әрбір қазақстандық азаматқа жеткізу міндетін қойғанын айтып өтті. Енгізіліп отырған жаңалықтарды жалпыхалықтық деңгейде қарастыру жұмысында елімізді қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда әрдайым алдыңғы шепте келе жатқан қазақстандық интеллигенция айрықша орын алуы тиіс.

«Елбасымыз халықтық мүдденің ол үшін алғашқы орында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұндай кең ауқымды жалпыұлттық диалог қазақстандықтарды мазалап отырған жерге қатысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз», — деді кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазақстан аумағында ауыл шаруашылық мақсатта жүз миллионнам астам гектар алқап пайдаланылады. Жерге жеке меншік институты орнағаннан кейінгі 13 жылда осы жердің небәрі 1,3 миллион гектары, яғни бір пайыздан сәл асатын алқап сатып алынды. Қалған жерлер жалға алынып отыр.

Шетелдік компаниялардың Қазақстанда ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді жалға алу құқығы 2003 жылдан бері енгізілген. Қазіргі кезде олар небәрі 65 мың гектар жерді, яғни 0,065% алқапты жалға алуда.

Сол себепті шетелдіктер қазақстандық жерлерді жаппай жалға алып жатыр деген ақпарат шындыққа сай келмейді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жиналғандарға жерді жалға беру институты аграрлық секторға ұзақ мерзімдік капитал тарту үшін қажет екенін айтты. Онсыз ауыл шаруашылық сектордың отандық экономиканың локомотивіне айналуы екіталай.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары азаматтардың алаңдауына еш негіздің жоқ екенін, себебі жер мәселесіне қатысты Мемлекет басшысының ұстанымы берік екенін қадап айтты. Қазақстандық жердің шетел азаматтары мен компанияларына сатылуына Президент түбегейлі қарсы. Бұл мәселе отандық заңнамада анық көрсетілген және де оның сақталуы қатаң бақылауда.

«Соңғы өзгерістерге сәйкес шетелдік инвесторлар үшін ауылшаруашылық бағытта пайдаланылатын жерлерді бұрыңғыдай жалға алу мүмкіндігі сақталған, оның өзі қатаң шарттармен беріледі. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі ғана 10-нан 25 жылға ұзартылған», — деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысының жер мәселесін жалпыхалықтық талқылауға шығару жөніндегі шешімін толығымен қолдады.

«Президент осы мәселенің түйінін тарқатты. Мемлекет басшысы үшін де, барлық қазақстандықтар үшін де жер ұғымы қасиетті мәнге ие. Біздің кең-байтақ жеріміздің ешбір бөлігін ешуақытта шетелдіктер иеленбейді. Дегенмен, жер еліміздің экономикасына пайда әкелуі тиіс. Шетелдік инвестицияларды тартып, ауыл шаруашылық жерлерді өңдеудің заманауи технологияларынан неге бас тартуымыз керек? Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Сол себепті мен шетелдік инвесторлардың жерді жалға алуын қолдаймын. Ашуға бой алдырмауымыз қажет», — деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының төрағасы Мұрат Журинов.

Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин сөз алды. Ол сенбі күні Астанада өткен Жер мәселесі жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының нәтижелерін Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері жоғары бағалайтынын айтып өтті. Сенатор комиссия мүшелерінің құрамы сауатты іріктелгенін айтты.

«Мемлекет башысы өте дұрыс шешім қабылдады. Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамына қоғамның барлық салаларының, Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері кірген. Әрбір азамат осы өзекті мәселе  бойынша өз пікірін ашық білдіре алады», — деп толықтырды өз сөзін Нұрлан Оразалин.

Халық әртісі Бибігүл Төлегенова азаматтарды жер реформасын талқылау кезінде салмақтылық сақтауға шақырып, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі жетістіктерінің барлығы бейбітшілік, тұрақтылық пен бірлік арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Беделді қазақстандық ғалым-экономист Рахман Алшанов жиналғандардың назарын барлық дамыған елдерде жер экономиканың дамуы үшін қызмет ететін қуатты капитал екеніне аударды.

«Біз өзіміздің ауыл шаруашылық жерлерімізді инвестиция тарту құралы ретінде қарастыруымыз қажет. Оның көмегімен біз аграрлық секторды дамытып, астық өнімділігін арттырып, мал басын көбейту, шикізат өңдеу көлемін арттырып, жаңа кәсіпорындар салып, экспортқа шығару, он мыңдаған жұмыс орындарын құруға және де осылайша аулымыздың жағдайын жақсартуға мүмкіндік аламыз. Жерімізге деген шынайы жанашырлық деп осыны айт. Өз басым Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мәселеріне қатысты осындай заманауи көзқарас ұстанатынына қуаныштымын», — деп қорытындылады «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов.

Қазақстанның ғалымдары, мәдениет мен өнер қайраткерлері жер реформасын халық арасында түсіндіруге белсене атсалысатынын айтты.

«Нұр Отан» партиясы осы сияқты кездесулерді тұрақты түрде Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізеді

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

20 пікір

  1. мен қолдамаймын. Байқоңырды Ресейге жалға берип ақыр соңы айырылып қалдық. Мен қазақ жерін жалға беру, сату дегенді аманатқа қиянат деп білем.

    • Иə дұрыс айтасың . Бос жатқан Қазақ жерін біз игере алмасақ, ұрпағымыз игереді !

  2. Дейміз ау басқа түссе бәле тағдыр
    Берейік табиғатқа тағы мән бір
    Сыңарынан айырылып қалам ба деп
    Аспан байғұс төгуде жылап жаңбыр

    Болмаған бұндай жаңбыр бұрын соңды
    Арнасынан арық асып өзен толды
    Айырылып қаламба деп өз жерінен
    Еңіреп жылап жатыр аспан сорлы

    Өксігі өкпесіне сыймай тұр ау
    Пенденің ойлағаны шимай шылау
    Тәңірдің қараңдаршы шеберіне
    Аспанда қара жерін қимай тұр ау

    Патшаның естіген соң жарнамасын
    Қазақтың жауын басты бәр даласын
    Табиғатта қорғап жатыр қара жерін
    Қалайғана басқалар қорғамасын

    Сағи Әмзеұлы

  3. Ата бабаларымыздын кан-тер мен келген жерлерин оп-онай оз баласын жейтын шошкага уксаган кара кытайга бергеныне карсымын. Оздери ак саусак болып тобеде отырып алып карапайым халык пен санаспай жеримизды жалга берип тастамакшы, кайтып ол жерды кара кытай бизге бергисы келипты ия… бермепты да. Биз ушын отка да тускен, сугада баткан ата-бабаларымыздын рухын силайык..

  4. Жерді сатпақ түгіл, жалға берудегенді атамау керек, жерді жалға шетелдік келіп алатын болса ( қытайлықтар) онда тұқымың құрыды деген сөз, жеріңде қытай өмір сүред. Құдай бетін аулақ қылсын ондайдан.

  5. Мен қорқып отырғаным жерді баяғыда сататынын сатып ,жалға беретінін беріп қойған сияқты ғой. Енді бояуы сіңіп қойған да халықты көндіру үшін зиялыларды шақырып өткізген жиналыстарының түрі ғой. Халыққа сол жерді берсе, техникамен жағдайын жасаса неге істемеске? Қытайдың істегенін қазақ істей алмайды ма ? Неше жылдап кезекке тұр адамдар үй салу үшін. Айналдырған 8 -10 соток жер үшін.

    • Оз отанына оз жерине саткындык жасаган онбас еки дуниеде де. Егер сол кытай каптап басып алса осы каншама халыктын наласы болсын сендерге

  6. Қазіргі барлық Жер бетіндегі Елдердің ЖЕР өнімі — мол байлығының- екі ғана көзі бар:1- ТАБЫСТЫ- КІРІС,Және де еліңнің таза кірісімен табысты болуы үшін,- 2-сі шеберлікпен есептеуімен мемлекетті шығындыққа ұшыратпай, шығынға батырмау жолын -экономикалық дәлділікпен есептей алу жолын -ШЫҒЫНДАР КӨЗІН шеберлікпен таба алып, оны жоя алу жолы. Ендеше ғасырлар бойы сол тірліктердің шеберлерінің шеберлерісі- инвесторларды үкіметтің пайдаланған жолы дұрыс екен-ОНЫ ҒЫЛЫМДЫЛЫҚ ЖОЛЫ ДЕЙДІ!! Бұл ЖОЛ- ғасырлар бойы табжылмай,сүрленіп, тексерілген,пайдасы мол табыс жолы екен ғана онда!!! Еш мемлекет арасында дау- жанжалдыққа , жерді тартып, иемдене салушылыққа- ұрыс пен соғысы бар керіске, тіптен сіздің жеріңізді зорлап алып кететіндікке — тастай біткен мемлекет заңына , жеңіл ғана тартып алушылық жабайы көз қарастылығы болып, қайшылыққа бармайтын ғана- капитализмдегі нықталған заңы бар- өркенниеттілік жолы ғана!!! Ғасырлар бойы шүбасыз- құлықтылықпен- нақтықпен тексерілген байлық жолы!! Инвесторлардың сіздің ЖЕРІҢІЗГЕ ТЕК ШАМАСЫ КЕЛЕТІН ТАЗА ЕҢБЕКТЕРІМЕН- тек мол табыспен кіріс алып келу үшін ғана,және бірнеше деген үстемелі шығындарыңызды жоя алып мол байлықты ала жүретін ӨТЕУІ ғана жолы!!! Ендеше БЕТПАҚТЫҒЫ БАР ЖЕРДЕН ЕШ ӨНІМ АЛА АЛМАЙ ЖҮРГЕНІМІЗ МЫНАУ ӘЛІ !! ҚҰР БЕКЕР ИГЕРІЛМЕУ СЕБЕБІНЕН ДЕ ғасырлар бойы тың болып жатқанының не пайдасы бар, күнделікті тәжрибемен, еліңді бірте-біртеуйреніп-ақ асырай бермесең онда!!! СЕБЕБІ УАҚЫТТА ТЫҒЫЗДЫҚПЕН ЦЕЛИНОҢА ДА көп болса10-20 жыл ғана егіншілік мүмкіндігін бере алады екен, оны да ғалымдар біліп отыр!! Демі таусылғанда не істер екенбіз, тағы неге еліміз осындай байлықпен ашпыз деп сөз ұсталығымен ғана шулаумен ғана, сөзбен ғана таласып отырамыз ба екен онда!!!??? Әрине халықты дер кезінде асырау есебі де тек ғылымдылықпен келуде, ,ол жол қазір, өзіміз оқып уйренумен бірге, білгіштерді жалдау жолы да керек екен, ол жағын үкіметтегі адамдар да толығымен ойлауда!!! Бай боламыз, тоқ боламыз десек, әрине- ақшаны тек қана көп табу жолы ғана емес, сіздің қайта КІРІСІ емес- ШЫҒЫСЫ мол әрекетін болдырмай, тапшылыққа ұрындырмау жолымен қатаң түрде келе алатын ТАБЫСТЫ ЖОЛЫ!!! Табысы мол КІРІСТІ жасайтын адамға бергені мемлекетіңнің дер кезіндегі асырау жолындағы ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІК ҚАНА МОЛ әрекеті!!! ОҒАН ҚАРСЫ БОЛҒАНЫҢЫЗ,ТҮК БІЛМЕЙТІН ЖАС БАЛАНЫҢ ТІРЛІГІМЕН- ТЕК КҮЛКІЛІГІ БАР НӘРСЕ БОЛҒАНЫ!!!!

  7. Былтыр неменеге қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық.Сонда не айтылып еді осы жер ата бабаларымыздың сан ғасырлық қан төгісінің арқасында бизге аманатқып қалдырды деп бір кісілер айтып еді .Енді биыл типі қуыршақ депутаттарды сайладық.Бір жағдай болса жоғарыдағылардың баратын жерлері бар біз қарапайым қазақтар қайда барамыз?ЭКСПО бізге керек па еді,түріктердің пайдасы.Біз келешек ұрпаққа не қалдырып барамыз.Мемлекет бай қазақ халық кедей жалшылық өмірді сүруде.Біз әлі өзбекстанға барып жалданып жұмыс істейміз.

  8. Сейчас 21- век- не крепостное , не феодальное время , истинное капитализм сейчас!!! Век знании, век законного- — реального мира!! А значить даже земельное-народное богатство не копите просто, пусто не реальном богатством — через спекуляции пустых слов!!- Это вам лишь не азартная игра!!!

  9. Ресейдің Новосибирскде қытайлардың жалға алған жерін көрдім, ол жерге адам түгілі мал жақындамайды, түрлі химикаттарды пайдаланып жердің сау тамтығы қалмаған

    • қолдамаймын. біз 50 жылды ойласақ, сырт көздегі анталағандар 100 жылды немесе одан да көп жылғы пайданы көздейді.

  10. Ия қан мен термен келген, шекарамыз.жеріміз Құдіреттен сиға берілгендіктен де, бұрынғы жер байлығын тек мал өсіруге жұмсап едік.Ал қазір жанжақтама жолдары, қазіргі уақытпен,қазіргі өмір ағысымен сәйкестендіруде!!! Халқымызға да таратып берген жерлері көп!!! Бірақ та инвесторлардың біреуінің ғана тірлігі- көп өнімді фондовый рынок тірлігінің шеберлігімен біздердің миллиондаған адамдардың ауылшаруашылықпен айналып жүрген, фонддарына бір сәтте тең болғаны былай тұрсын, жердің жаңа өңдеуін , химикат емес, оларда қазір естество заттарына көшкен, біздер де олар- ол естество материалын да кластерлеуде,-грануляцияға айналдыруда, ендеше өзіміз орындасақ олардың барлығын, онда өте көп ақша жұмсалады екен, грануляцияға аспаптар сатып алуды бірденнен жасай алмайсыз ғой, адамдарды оқыту керек тағы , жермен тыңайту жолы да басқа тек өсімдіктің түбіне береді екен, суаруда да, басқа тек мобильді аппараттар керек, болмаса тамшылаумен беретін механизмге көшу керек және тағы тағы лары көп қой, ФИНАНС жағынан да кеңесшілері дәл қызмет ете алады екен олардың бәріне төлесең ғана , сізді үйретеді екен.. Ал Россияда кейбір инвесторлардың жүргендері тек, жеңілмүлтіксіз емес кемеліне жеткізу емес тірліктерімен, оларға төлеу ақшаларына байланысты жасап жатқан еңбектері ендеше…Біздерде де олайлардың еңбектері табылып жатыр, ендеше сондықтан да жоғарғы профессияланған инвесторларды жалдауға ғана ,және күнделікті тексеріп отыруға ғана заңдылық істері бар барынша !!! Ал олардың міндеті де солай болғаннан- үйрету документтерімен де қосарландырып еңбектенуде!!! Барлық финансистерде соны айтады:Мұлтіксіз болсын десеңіз,толық жетілдіріп, жоғарғы сатыда болсын десеңіз,химикатты қолданбау үшінде,әсіресе шығу продукцияның кемеліне жеткен жоғарлығы бар түрде болсын десеңіз, оқыту, уйрену тәсілдері жоғарғы сатыда да болып көтеруге де , барлығына ,барлығына зор КЕҢЕС ДАЙЫН, ОЛ ҮШІН ТЕК АҚША ТӨЛЕУЛЕРІҢІЗ КЕРЕК ДЕЙДІ..ЕНДЕШЕ тағы да СЕБЕБІ ТЕЗДІКПЕН ЖАСТАРЫМЫЗҒА МІНЕ СОНДАЙ АМАНАТ КЕРЕК БОЛУЫНДА!!! Яғни барлық тірлік финанс жағында болып тұр , ЛИБО жастарды үйрету, либо ғасырлар бойы жеріміз құр құрдымға кете бермеуі үшін оған да үлкен қимыл керек, Алғашқы тірліктерді орындағаннан да, мың өліп мың тірілгеннен де ,сондай климатына бейімдеушілік бірден келгені жоқтығын, ЦЕЛИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ де АЙТА ОТЫРСЫН , СОЛ ҚИЫН ЕҢБЕКТЕРІН!!! СОҒЫСТЫҢ алдыңғы шептерінде жүрген тірліктеріндей, қанша адам жанын да пида еткен екен, сол шексіз плантацияны игеру үшін, ақырында амал жоқтықтан да инвесторлар тірлігіне бас ұрғананнан да , сондай желдің үрлеу бағытына, және суығы мен, ыстығына да көндірілген өнім алып берді екен уақытысымен, міне осы онда сіздің алдыңыздағы 5-соттық қана жер емес, қан мен тердің арқасында келген шексіз, жауапкершілігі де шексіз,мүлтіксіз болғандықтан да қазір жалпылық елдің үйретілген плантациясы екен !!! Бірақ олар айтылмаған,құпияда болған екен!!!/ Жата бергеннен адамда тез ескіретін болса, Жерде тірі организм екен- тек ескіруге ғана барады екен,егін екпек түгілі ол жерде адам баласы тұра алмайтын біз білмейтін ауру тудыра беретін микроорганизмдердің уясы ғана болғаны,ауруды ғана береді де тұрады,/ малдарымыз содан да қырылып жатуы мүмкін онда.. сондықтан да иммунитетті- егу техникасы күшті болу керек екен , және де жер адам өміріне берілгеннен де тек өңделініп отыруы тиіс екен оны да жер мамандары айтсын!!??/ Сондық тан да алғашқы тірліктер де оңайға түспеуі мүмкін екен!!!/ жер тірлігі циклды түрде жаңарып, нәрленіп,түрленіп тұруы қажет сонда ғана жақсы,пайдалы өнім береді екен, бірер жылда ешкім де жарытып жатқаны шамалы, жылқыны өмір салтына үйрету қалай қиын болса, жерді де солай баптау арқылы және отырықшылдық өмірге көндіруге де лассо керек, міне сол РОССИЯДА ДА ОРЫНДАЛЫП жатқаны онда!!!ал өнімді не де болса тез дікпен алу керек тігінен, оларда/инвесторларда/ махинация жолына көшеді екен, себебі тездікпен жарықтық ЖЕР анада сізге тірі организм тірлігін тездікпен де ала ,бере алатынын көрсеткені!!!, АНА да баланы дүниеге қалай алып келетіні болса , ЖЕРді де сол анаға теңегені , алып келуі !!! Ал бәіздерге тек алу жолы ғана емес, үйрену жолы да керек, себебі өзіміз егу процесін солардай білуіміз шарт екен, барлық жағынан.. Бірақ кісінің кілті аспанда болмай үшін, білгір фиансистер мен инвеститция жолын тек жоғарғы білікті профессионалдардың таза ықласты мамандары болуы тиіс, сізді финанс жағынанан қыспауы үшін!!!!! Ата бабамызда айтқан сол кезде де- алдағы үш күнін ойламаған адам- адам емес депті ғой- Ал үкіметтегілер тек алдағы үшкүндігін ғана емес, жылдарын да ойлауда ендеше!!! Ақыл ойды да , терең ата бабалардыңда ақылдыдылығын, философиялық мәнінде кейінгілерге аманат ету үшін де әрине өзектік пен ақылды да тұрмыстың өзі ғана билетпейтін- әрине ел тоқшылығы керек, оны да әрине қазіргі жолмен ғана табу аманаты болып тұр!! Сондықтан да оларда жердің біразын халыққа да беріп отыр, ал көп бөлшегін әрине, ауруымен ағзаға залалы болмауы үшін, және көп жылдары сізге тауықтар жылдарға кететіндей өнім бергеніндей, ол/жер/ да ауырмау үшін, тек ғылымдылық жолына бас ұруда, сендердің келешектеріңді ойлап отырғандықтан…!!! Бұл да болса біздің жоғарғыларымыздың іскерлігі қайта!!! СОҒАН сенген өмірімізбен теріс болып, жолдан таймау қазір ,ендеше Жер мәселесі ол да болса — қазіргіӨмір шындығымен ғана шынайы тірлікпен ғана келеді екен, ал ата бабаның аруағының,ЖЕРДІ бізге аманат еткеніне барлығымыз басты аяғыңызға дейін ие аламыз, бірақ сол аманатты жоғарылықта ғана сақтай білгеніміз екен, қадірлеу жолымен ғана болғаны, тегіннен тегін тарата салған ешбір ел жоқ.. 1-ден, 2-ден Жердің қымбаттылығы әрине сол ата бабамыздың күші, қаны төгілгеннен де , қалай болса солай расуа етіп пышыратпай,тіптен тарата салуға жоқ ешқандай ел мемлекеті -ол да өмір заңдылығы!!Үйрену үшін де — финансыңыз мол болу керек, яғни төлеуің тиіссің!!! Сол Жерден келген ортақ байлық -халық байлығы ендеше, еңбекақшаңыз көбейсін десеңіз сол Жерден келген қазандық ортақ ақшадан сізге төлейді ,әрине шынайы халықтары да болып,еңбектенсеңіз сонша сізге ақшалай тигені онда!!!! Одан да ЖЕР мүмкіншілігін байыта алатын арқылы баиуымыз да жаман жол емес екен!!!Сол үкіметтің циклмен қайтара сізге беретін ақшасын көрмей бұра бергеннен де , сол ақша — «АХХИЛЕС ПЯТАСЫ» ОСЫ еді деп ең жұқалық жерді іздей бермей, құр сөзбен ұра бермей, үкіметтің тірлігіне де оқыған көз қараспен қарайық одан да, себебі барлығымыз оқыту мектебін бітіргенбіз ғой ЖАҚСЫЛЫҚ ЖДАҒЫ КӨП ЖЕРДЕ, МЕМЛЕКЕТТЕ МЫҚТЫ БОЛАДЫ, ИЯ АШТАН ҚЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЕШКІМ ЖОҚ!!! ҚҰДАЙ САҚТАНҒАНДАРҒА ҒАНА САҚТАНУ БАЙЦЛЫҒЫН БЕРЕДІ екен, ӘЛІ ДЕ АТА БАБАМЫЗДЫҢ АРУАҚТЫ КҮШТЕРІНІҢ КҮШІ ЖҮРІП ТҰРҒАНЫ ОНДА, ДҰРЫСТЫҚТЫ ТАҢДАУМЕН ҒАНА КЕЛЕ ЖАТҚАНЫМЫЗДАН ДА АҒАЙЫНДАР!!!!!!!!!!!!!!

  11. Байқоңырды еліміз болып,, адамзаттарымыз болып, ең бірінші ашқан жеріміз болып -ҚАЗАҚСТАНда мекенделгені ғана болмаса, барлық ғылымдылық жолын -КЕҢЕС адамдары есептеп отырып жасады тәуелділік күшімен!!!Оған біздің ешқандай қатынастығымыздың-шамаларымыз жоқтығынан, бір тұтас мемлекет тірлігі деп тәуелділікпен жаутаңдатқызған тірлігіне еш қандай тәуелсіздік сөзді ұран ете алмағандығымыздан да болар!!! ОЛ да біздің ортақ та болса ел кемшілігі болды сол кезде!!! НЕГЕ ,!!!?? ?? Барлық уақытта күштілік саясатының -саясаттылығы да,солай болып та жер бетінде жалғызсыратпау саясатының орындалғаны да онда!!! Ал дер кезінде түсініп, ол өздері тапқан білімділік жолын өзіне қайтару ол кемшілік емес, ,қайта гептил улы жолының одан да көп болып, залалы болмауының жолы болар, онда да арендаға бергені еді ғой!!! шеберлікпен игере алмағандықтан да болар тағы да!! Неғыласыз болмайтын сөзді ұран еткіш бола бермей, одан да терең сөздің де мағынасы тереңдікте жатыр ғой,деп қойғанымыз жөн болар еді ғой онда!!! Осалдылықтың себебі мол болып тұр емес пе, 1-ден өмірде данамыз АБАЙ атамыз бен басқалары айтқандай- оқу тоқу білімділігіне күле қарап, табиғаттың тек-дайындыққа ғана бергенін ала бергендік ,сондай жолмен өмір сүре бергендіктен , күреспей-ақ бере бергенннен де, жерімізбен бірге ғана- тәуелділікке де даяр тұрғаннан, ақылдылар табылып, бармауымыз тиіспіз, жерімізді сақтайық дегендердің басын еліңнің өзіндегілері өзекті сымақтары жансыздары шауып отырды өз еліміздің ақылсынғандары да сол уақытта!! 2-ден аштық пен жылдағы ауруэпидемиясы жалаңдап келіп отырғаннан да, адам баласының орта жасы тек 40-50 болғандықтан да, өмір сүрудің қағидасын біліктілікпен аман сау болып шығатын біліктілік жолына,сол кездегі- күшті білімділерге тәуелді болуға тура келді!! Ендеше сол кезден-ақ тәуелсіз болу үшін, ғасырлар бойы эволюциялық шеберлікпен болған,жиналып- қатпарланған, тек сансыз ерінбей жасайтын еңбегі мен күштілігі — дәлелдеу білімділігі бар сүрлем жолы керек еді!! Ол гармониялық ортақ жолы әрине күштілік берер еді , ал басқа мемлекеттер қиналса да сол философиялық-эволюциялық және практикалық жолмен де шаршамай,тек біржақтама болмай-ақ жан жақтан білімі болды- көбейе берді кітап арқылы, сізден саны да көп бола берді!!!Сол өз малына теңесеңізде сізден артық болғаны,миллиардта да болса да!! Көзіміздің ашылғаны қашан болса да әлі сол сайрау сол сайрау кейбір қатып қалған үндеріміз әлі бар екентағы да !!!!!! Қайта сол тәуелденген жерімізге мың рахмет, біздерді- жердегілерді де білімділік эволюциясы арқылы тездікпен сүйретеді екенін де, бәріміз біліп отырмыз- тездікпен болса да, осындай дәрежеге жетіп отырмыз!!! Бұл сөздеріңізге басқаларыңыз нана беріп,, әруақытта жеңе беремін десеңіз ұтылғандығыңыз онда!!!Ол үшін тарихты ҚҰДІРЕТ ЕМЕС ӨЗІҢІЗ жасағандай болғаны!!! Ендеше ақылды болсақ онда тек кітапты ашып қана , газет журналды оқып қана жүргеніміз дұрыс болар,бұл заманда,ескілік көзі бола бермей!! ОЛ жол қасиетті лігімен ми қабыршағымыз да қала берсін, оларды қадірлеу ғана ,қасиет тұту ғана жолы болсын, ,қайталау жолы болмасын, онда әншінің өз даусы емес қайталау мен ғана плагиаттылық жолы болғандай болады да тұрады, қазір тек өз таза еңбегіңіз керек заман қазір!!! ЕНДЕШЕ-балаларымызға көптік етпес ғылым жолында болғаны да дұрыс болар. Сонда ғана кісінің кілті аспан да емес, зор қасиетті ҚҰДІРЕТТІҢ тәуелсіздік сиымен , ақылды теориялары-өз басымыздың ішінде болып, басқа жұртты кемсітпей-ақ,олардан тек жақсылығын алуда болып, үйреніп те,өз- өзімізге де көз шолып, құр кемсітіп басқаның байлығын көре алмағандылық болып жүрмесін, одан да!?? Көңіл мен рух жанының таяздығына ұқсап, бажырая бергендерге ұқсамай- айна бетіне қарауға да ,түзелу үшінде,жан дүниені де күнде қайта түзеуден де жалықпауға тура келіп тұр әлі бәрімізге де!!!! Оның малы шошқа болса , жиіркенбей-ақ тұрмыс билеп, колбасасын да жеп үлгерген едік қой сол тәуелділікпен онда, әлі де сол малын жеуге де теңіз бен мухит арқылы бала шағасымен кемемен сол казіргі-тәуеллділікке де неге тартып отыр осы ендеше сол жағын да ойланып бағайық неліктен деп!!! Сондай халде еместікті болдырмауды алдын ала барлық жаңаланған білікті стадиясын орындауда БИЛІКТЕРДЕ!!! Ендеше жаның ашымағандықты еліңе тағы өзің болып отырсың тағы!!! Өйтіп, асқақтаған шайтан сөзімен ешкімдіде ерте алмассыз ол да заңды орынды іс қазір!! Барлығымыздың көзіміз , жанымыз ашық б олғаннан!!!!!! Ал ендеше алдағы өміріміз сондай тәуелділікте болмау үшін , сондай жабайылықты аңсамай ,қайта осы заман адамының тірлігін де, ақылдылық ойында- өміршеңдігінде тазалық оймен қабылдап, адами адамынша өмірсүргеніміз, өз қолымызбен, өз миымызбен жасай алатын болайық одан да!!! Алдағы ғасырларға да бөліп аманатпен, білім қуып, жастарымызға да теліндіріп, ойлауымыз керек, ол тек БІЛІМ жолымен келеді деп, құр бекер сөзді сөзбенен жамай бергенше!!!!!! Барлық жағынан тәуелділікте те ғана болмау үшін, басты себебіміз сол — тездік БІЛІМДІЛІК ЖОЛЫ СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗДІ ҚҰДІРЕТТІҢ ТҮЗУЛІГІНЕ алып қана ТҮЗЕДІ екен ,әкелед і екен!!!Соны да түсінген ХАЛҚЫҢ БОЛСА, ОНДА ОНСЫЗДА КОРОЛЬ БОЛЫП ОТЫРҒАН ХАЛҚЫҢА НЕ ТҮСІНДІРГЕНІҢ ОНДА, КІШКЕНТАЙ ҮНІҢМЕН ,АЛЫПҚА АЙТҚАН ҮНІҢ жартас арасынан да сезіміне ЖЕТЕР МЕ ЕКЕН онда!!!!!

    • Жер туралы комиссия құрғанша, осыған дейінгі 25 жыл ішінде мұнайдан, налогтан, сатылған кен орындары мен арендаға берген жерлерден, салынған жолдар мен газ құбырларынан т.б. сол сияқты табыс көздерінен бюджетке құйылып жатқан қаржылардың қалай жұмсалғанын, жұмсалып жатқанын тексеретін комиссия неге құрмайды! Сол ақшалар тиімді жұмсалып, жемқорлардың өңешіне кетпей,ретті жерлеріне падаланылғанында дəл осылай жер сатамыз деп жанталаспас едік! Тəуелсіздік жылдардың басында айтқан ел басымыздың «Біз арабтардан да бай тұратын боламыз, оларда мұнайдан басқа ештеңе де жоқ, бізде Менделеев таблицасындағы элементтердің бəрі бар. Олар жаңа туған балаға 20 мың доллар салса біз жиырма есе көп саламыз» деген сөзін халық əлі ұмытқан жоқ. Осы уақытқа дейін қу шөппен ауызын сүртіп алдап келген билікке халықтың əбден көңілі қалды. Енді бір сөзіне де сенбейді! Халық пен биліктің арасы тым алшақтап кетті! Артын қайырлы қылсын…

  12. … люди умные говорили, что кто творит добро, тот процветает , ваши грезы осуществятся, когда вы их активизируете или прогресс как борьба требует перемен итд… А ведь еще и потому по этой дороги-«нельзя быть одиноким,»-шли дружно 70 лет почти! Мы ведь также выбрали ту дорогу, по которой хотели идти!!??? Больше и больше были и благосклонными !!! Постоянно старались превзойти даже себя!!.. И там тоже мы стоили не больше, чем наше благодатные слова!!!?? Ну и что мы теперь хотим.сейчас и в данное время сейчас!!!??? И здесь тоже -только нам придется учиться,и действовать рискуя даже!! Но и у нас тоже продолжается тот же факт, что только своя интуиция- лучший друг и лучший советчик!! Ну и данная система наша-не святыня! Здесь ничего не греховно иногда ,даже если мыслишь позитивно, нельзя идеализировать чего то во всем, потому что в жизни большинство не зависит от тебя самого!!
    И В ТАКОЙ НАШЕЙ СИСТЕМЕ ТОЖЕ, чтобы каждый человек должен выигрывать в жизни и стать богатым придется плыть против течения,потому что зона комфорта может подвести нас всех.. И поэтому в империализме работается с теми,кто вам нравится. потому что это лучше,чем иметь врагов среди коллег!!! ни в коем случае не арендуйте если хотите стать быстрым миллионером лучше покупайте говорят некоторые богатые, а для этого нужны большие деньги говорят заядлые бизнесмены, и поэтому те же наши богатые не работают
    на святой Земле , а продают друг к другу за десять лет тысячи раз одну и ту же землю, конечно можно ли там народу быть богатым и сытым!!!Ведь на самом деле всем на Земле для благополучия нужно , совсем не много.. а не нашептывать себе без конца- «мало, мало»или » больше, больше»!!!! но ведь такое легкое богатство- или так же легко уходит, или становится на всю жизнь для человека его настоящим «проклятием» несут ему ненужные страхи и тревоги страшные стрессы, неприятности, и несчастья!!!!Лучше каждому из нас придется думать легко-разбогатеть никогда не поздно, лучше думать как настоящий богатый человек во всем-что в реальности богатства-это хорошее образование, золотой характер,внутреннее ценное, душевное спокойствие удовлетворение-/қанағатшылдық/,крепкое здоровье, особенно внутренние богатства души,счастливая семья, иметь друзьями — хорошее доброе имя итд. И поэтому при капитализме тоже может заработать деньги и богатства каждый: здесь нет избранных и нет дискриминации .. Можно одновременно быть богатым от любимых профессии не обязательно от бесценной земли,просто получать удовольствие от работы своей,развивайтесь, каждый день, чтобы спокойно спать по ночам , а не обрести внимание только на слово кто богатый, кто нищий-плохой и кто продасть целиком мою землю другим.. или почему он самый богатый, а у меня нет его, или итд чем быть таким человеком- нищ душой и беден духом,лучше быть просто успешным во всем, и пусть каждому из нас будет нужна высокая цель в жизни.. для кого-то эта цель-достижение совершенства,и это то, что делает нас людьми !!!» Именно благодаря этому чувству мы сегодня не живем в пещерах,а устремляемся к небу ,к звездам!!? И поэтому в 21 веке есть прочные, все общие грамотные законы, которые невозможно просто завоевать или захватить без исторических правил… Его можно только заработать, но сначала иметь многие заработанные деньги честным путем, но и только таким путем заслужить , а не просить на халяву и заиметь легким путем, так не бывало никогда- потому что, не воевали просто для твоего «халявничества» наши предки!!Потому что не имеющие знания — они жадные только — а жадные платят за свою работу дважды а остальные злые платят трижды, не выходя из положении, только платят платят кредиты в банк/ а земельные расходы на продукцию совсем высокие… / и поэтому не имеющие настоящих знании, могут ими постоянно разрушиться наши сегодняшняя начинающая система !!Неограниченные, неграмотные желания нужно ограничить ,чтобы не получилось,/они от кризисных не умелых ситуации, возвращали землю опять через год даже/ как в сказке о золотой рыбке!! И тогда же- произойдут отклонения самой разной степени говорят экономисты!!! Где нет настоящих знаний , ведь в 99 случаях из 100 не будет так,как мы планируем.. А ведь ты не свалился с Неба так , как все на готовность природы!!! В действительности наши планы будут настолько успешным,насколько мы сможем интуитивно уловить ВЫСШИЙ ПЛАН,то есть то, чему суждено осуществиться, для реализации чего созрели все условия!!!? И думать не придется что нам- наша Земля пропитанная потом и кровью — подаренные предками, а значить она-то принадлежит в этом мире только казахом…!!! Очень глубоко ошибаемся тогда, не считаясь реальными, общими законами – святой Земной жизни человечества, каждый из нас всех ошибаемся до конца жизни!! В действительности в Коране даже говорится , что в реальности не принадлежит: ни Земля, ни имущество, ни собственное тело. ни даже собственная жизнь!! Все это дается нам всем в пользование на какое-то время.. чтобы были не голодными в степном краю!! Если люди начинают считать,что только им все принадлежит- им всем поровну, жизнь Всевышним посылает только революцию-новую,новую бесконечно!! болезненную-национализацию а не правильную, природный катаклизм,стихийные бедствия, войну конечно- где и человек теряет должность, духовность положение в обществе,состояние, имущество,деньги,семью и даже собственное тело.. Все нам дается во временное пользование-при условии, что мы этого достойны,для правильного эффективного использования в целях всеобщего БЛАГА!!! И поэтому сейчас в нашей системе тратьте все силы не на то,-/ как в СССР/чтобы только зарабатывать себе на жизнь, а на то, чтобы зарабатывать дальше деньги!! Деньги к деньгам идут..!!!Поймите тогда, что в чем суть инвестирования как грамотный человек !!! Одан да жалшылыққа тыныштықпен беріп, заңмен қатаң бақылап, және сол көп пайданың ақшасынан- сенде өз суйген жұмысың арқылы айлығыңды көбейтуге бар болып, біліммен де қызығып, өз еліңнің үлесіне жоғарғы тиемелді жұмысын алып келе берсең де аз тірлікте болмағаның, қайта жоғарылықта, халқыңмен бірге болып, бала шағаңды үлкен бақытыңмен,яғни аспан тынышытығымен ізденіп те,тек ЖАҚСЫЛЫҚҚА,РУХТЫЛЫҚҚА, БАҚЫТТЫ БОЛУҒА , тек еңбекпен келуін үйрете бергеніміз жөн болар, Себебі әркім бұл өмірде жалған өмірдеміз, сынақтамыз ғана,кейін де жауапты беруіміз тиістіміз.. НЕҢІЗ БАР ЕНДЕШЕ БАРЛЫҒЫМЫЗ сол жерде кездесіп, нығметтілігіңізбен баратын, болсақ, еш адам ақымақ емес шығар, жауапта екенін білмей жүргендей..НЕ БҰЛҚЫНЫСТЫҚ ОНДА!! АШ ЖАЛАҢАШпын десек, сізге жауап беретін жер мол ғой- жұмыссыз жүруіңіз мүмкін емес, БИРЖАДА КӨП ЕКЕН, БІРАҚ КВАЛИФИЦИРОВАТЬ ЕТІП, оқып, сол мамандықпен де,қиындықты жеңіп, қайта-өміріңізді қызық орындап,-жұмысты қызығып, істеуге болады екен!!! Ере бермеңіздер кім болса соған, қазіргі заманда митингті тек революцияшылдар орындайды.. Ал РЕВОЛЮЦИЯ ЖОЛЫ ешкімге 70 жылда да рахметтікпен бақыт алып келмегені!!! Жер өмірі сондай, тек қозғалыста, терең ойда, тек қызығып жүріп орындауда , әрі өз- өзін дамытуда ғана болуда, сонымен де сіздер мен біздер ҚҰДІРЕТТІҢ ПАЙДА КЕЛТІРЕТІН БАЛ АРАСЫНДАЙ,КҮШТІ ДАМЫТУ РЕСУРСЫ болады екенбіз, бар болғаны сол ғана !!!!,МИЛЛИАРДЕР БОЛМАСА күшті экстресенс, болмаса супермен, болмаса шүбасыз періште мен әулие бол дегені жоқ -ҚҰДІРЕТТІ КҮШІІМІЗДЕ , ШАБЛОНДЫ ғана импровизировать еткен сөздерді тыңдымауымыз қажет…Әр уақытта мемлекет берген білімділік пен, әрі әлем білімін еске сақтап жүргеніміз жақсы болар!!Күнделікті өмірден сабақ алу деген сөз, ол біліміділік жолы, еш болмаса журнал газетпен информациялық жолдармен танысуда болып, бірге тыныстай беруіміз қажет, соны да білімділік жолы дейді –қарияларыңыз!!! ДЕН САУЛЫҚ ТЕРЕҢ БАЙЛЫҚТЫ ДА ЖОҒАРЫЛЫҚПЕН КЕЛЕСІЛЕРГЕ аманат ете алайық одан да!!! Ол да жердегі барлық сүйікті тірлігіңмен ғана келеді!!! Жерді де берер біраз болса да, бірақ соны инвесторлардың амалынан да жоғары көрсетуге тырысуларың керек , ендеше тек ғылыми білімділікпен игеруді үйреніп келесілеріңізге аманат ету мақсатында ғана асықпай игере алыңыздар, табыс бірденнен келуі мүмкін емес әрине!!!

  13. — …еліміздің де тұрақтылығымен бірге динамикалығы да бар екен капитализмде , 25-жылғы ішіндегі жаңа үндерге қосылған жан дүниесі құлықтылыққа, адами адамгершілікке суйретілген адамдарымыз қарапайым халық арасында да көп екен… !! / лайым дұрыс болсын , ой қозғалысымыз әр уақытта да/ Елдің ішкі ұжданынан шыққан үніне- дестабилизацияның да неге керек екенін жете түсініп -қазіргі азаматтарымыз да айтып отыр екен күнде…Елінің/стабильность/ тұрақты дамуын аңсап отырып- тұрақтылық пен, динамикалық адамзаттың өмір сүру күштері,барлық елде тек заңдылықпен кездескені болар… Себебі идеалды, ғажайып тұрақтылық Жер бетінде болған емес, болса оны «ЖҰМАҚ» деген екен ғой!! Сондықтан да тұрақтылық пен динамика күштері- жаңарту өміріне –тек айналып жаңалық лебін беріп отырса да демократиясымен бірге, екі жағы тек тең болып отыруы тиіс бұл ЖЕР БЕТІНДЕ!!!Деп есептегеннен де бірқалыптылықпен,тепетеңдікпен ғана болса ғана сол жерде даму процесі алда болады деп отыр ғалымдарымыз- да тіптен рухтылықпен де имандылықпен де!!!

    …—О,зиялы азаматтар, дарындар,
    Барлығыңның ұлтың мен ұятың бар ,арың бар.
    Тырнақ асты кір іздемей бір сәтке
    Кез келді ғой,ақ-қараны пайымдар.
    О,зиялы азаматтар, дарындар,
    Барлығыңның ұл-қызың бар, жарың бар.
    Тынышытығын тілейтұғын солардың,
    Бойларыңнан күш пен құат табыңдар.
    О, зиялы азаматтар,дарындар,
    Қазақ деген бауырың бар, қаның бар.
    Жас ұрпаққа болу үшін өнеге,
    Ынтымақты бірге қолға алыңдар.
    О, зиялы азаматтар,дарындар,
    Білемісің қанша дұшпан-жауың бар.
    Бір-біріне дұшпан екен қос көзің,
    Сондықтан да бір болайық бауырлар…

    Бәріміз де болғымыз бар Президент,
    Ал,ол жерде бір-ақ орын, бір адам.
    Сондықтан да айтатын бір ойым бар,
    Ренжуді бір-біріңе қойыңдар.
    Татуласып Ордабасы төбеде,
    Бақталасты мәңгі*-бақи жойыңдар.
    Тұрғанбек Қанаев- Шардара ауданы!!!
    —Барлық ақылды данышпандарымызда соны айтып кеткен еді ғой бұл дүниеде,оны түсінбесек бәрі бос деп!!! Одан да балаларымызға жаңа өндірістің қыр сырын біле алып, үйренуіне жол ашайық барлық саладан!! Тіптен тиімді ауыл шаруашылық- жаңа машинаның түрлерін өзімізде де шығару халіне жете біліп, жетістікпен шығаруды үйренейік. Іске асатын жағдайын жаңалықтарын,жарамды қолданылатын жерлеріне үйлестіріп те шығара берейік.. Қазіргі өмірге, барлық жағдайымызға сәйкес әдістер мен техникалық амалдарын көбейте берейік,одан да сол жердің мәселесіне де бейімделіп, барлық осы қиыншылық табиғатпен де байланысты жағдайларымызға көндігіп отыра бермей ,ыңғайласып,та ЖАҢА МАШИНАЛАРДЫ ӨНДІРІСІМІЗДЕ қолдану жағын көптеп жеткізе берейік!!!Әрине отын жағын,энергия алу жағын , табиғи түрден де көбейте берсек, тіптен жақсы!! АЛДА істер көп болғаны сол ғой!!! Ендеше құр жылап отыра бергенше іске сәт ағайындар!!!!

  14. 4 күн 57 минут бұрынғы Анонимге пікір жаза отырып, Ынтымақтың да жауабын оқи отырып, ғалымдар бүкіл әлемдегі болып отырған жағдайды өте қысқа түсіндіруге болады дейді!!!! Тағы да адам баласының қайдан не үшін жаратылғанын, және қалай Жерде пайда болғанын ,әлі тек гипотеза арқылы ғана білеміз !!! Ал СЕНІМ күші бар кітаптарда да,алғашқы дүниелердегі ойлар да соны айтуда-құран тілін де де!!! Әлі ешкім дөп тиіп ашып отырғаны шамалы!!! ЕНДЕШЕ барлық әлем дұниесін біріктіріп қана отырған бір күштің барын ғана сеземіз жан дүниемізбен ғана әзірше !!! Тағы да ТАБИҒАТТЫҢ өзгерген шамасы жер бетіндегі адамның ықпалы деп шатастырмаңыз сондықтан!!! АДАМ баласы- тек бұл әлем дүниесінінің бір ғаламат күшімен жаратылуымен бірге , сол бір ғана -бір күштің күштілігіне ықпалдылығына, үрдістеріне — Жердегі-адамгшершілігімен,бір біріне ортақ мейірімділігімен ізгілік амалдары мен әдістерімен,имангершілікті тапқырлығымен ғана Жаратқан Жеріне бейімделушілігімен ғана қайта тәуелді !!! Ол қасиетті ортақ, өмір сүру бірлескен тәуелділігі бар істі тек жол көрсеткіш-басқару элементтері ғана емес- халқы да дұрыс орындауында болып отыр ендеше!!! Ғылым тілінде бір том болар еді!! Бірақ айтарымыз сол, қазір біздің ГАЛАКТИКАМЫЗДЫҢ ЖАСЫ ҒАЛАМАТ ТЫЛСЫМДЫЛЫҚ КҮШПЕН ҚОЗҒАЛҒАННАН ДА,ПЛАНЕТАЛАРЫМЫЗ БЕН БІРГЕ- ОРТА ЖАСТАН АСЫП БАРА ЖАТЫР!! СОНДЫҚТАН да ҚҰДІРЕТТІҢ ЖАРАТҚАН ЖЕРІ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚПЕН ЖЕР БОЛУ ҮШІН,ДӨҢГЕЛЕНЕ БЕРІП,АЛҒА ҚАРАЙ ЖҮРІП ТҰРАҚТА СА да, ОЛ БІЗГЕ БЕРГЕН ТАБИҒИ ҚЫСҚА ҒУМЫРЛЫҒЫ-ЖҰМАҚТЫҒЫ БІРГЕ БІРТЕ ӨТЕ ҚИЫНДЫҚПЕН ДЕ ӘРИНЕ- ҚАРТТЫҚ ӨМІРГЕ КЕЛЕ КЕЛЕ, ОЛ ДА ЕСКІРЕДІ,ЖӘНЕ СӨНЕДІ ЕКЕН,ЯҒНИ ЖОҚ БОЛМАЙДЫ, ТАРТЫЛЫП-БАСҚА ЖАҢА ПЛАНЕТАЛАР МЕН БІРГЕ ГАЛАКТАИКАЛАРдА ПАЙДА БОЛЫП, ӘЛЕМ КЕҢЕЙЕ жАҢАРТЫЛА ТҮСЕДІ ЕКЕН — ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ !!! Ал ТАБИҒАТТЫҢ ЖЫЛАП ЖАТҚАНЫ, Барлық параметрлері-өзгеруде-яғни тағы ҚАРТТЫҚҚА ЕСІК АШҚАНЫ ҒАНА,БҰЛ ЖЕРДЕ ПРЕЗИДЕНТКЕ ЕШ ҚАНДАЙ ҚАТЫНАСЫ ЖОҚ ЕКЕН!!!ОНЫ ДА ҚҰРАН ТІЛІНДЕ ТҮСІНЕ БЕРІҢІЗДЕР, ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ ТҮСІНУ ҚИЫН БОЛСА/ХОККИНГ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫМЕН әрине…/ ЕНДЕШЕ БАЯҒЫ ӨТКЕН КЕТКЕН ШАБЛОНМЕН ҒАНА ТІЛІМІЗДІ үшкірлей алмайды екенбіз қазір, //БҰЛ ЖЕРДЕ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БАЙ ТІЛІ АЙТЫСТЫҢ ДА ҚАТЫСЫ ЖОҚ ,ӘРИНЕ, Бұл ПІКІРДЕ ДЕ СЫЛТАУМЕН ІЛІП АЛЫП ЖҮРМЕЙ-АҚ ҚОЙЫҢДАР//.. ӘРИНЕ одан да КӨП ОҚЫП, КӨП ҮЙРЕНЕ БЕРСЕК ТЕ ҰЛТЫМЫЗ БАЙ БОЛАДЫ ЕКЕН, ӘЛІ ДЕ КЕШ ЕМЕС, ГАЛАКТИКА ЕСКІРУІНЕ ДЕ СЕБЕБІ БІЗДІҢШЕ МИЛЛИАРДАР САНЫ КЕРЕК ЕКЕН ОНДА!!! ЫНТЫМАҚҚА,ҚАСИЕТТІ БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН СӨЗДЕРГЕ ҚҰЛАҚ АССАҚ ҚАНА, ЖҰМАҚҚА ДА БАРАРМЫЗ ДЕГЕНІ ҒОЙ, ҒАЛЫМДАРДЫҢ ДА, ЖӘНЕ ИМАНДЫЛАРДЫҢ ДА…!!!

Пікір қосу