Алмагүл Ахметжанова “Хабар” Агенттігі АҚ басқарады

«Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы лауазымына Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Алмагүл Ахметжанова тағайындалды.

0
Алмагүл Ахметжанова

2016 жылғы 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16 мамырда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың орнына келді.

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазМҰУ 1998 жылы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар. Алмагүл Ахметжанова агенттіктегі өз еңбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер болған.

2002 – 2004 жылдары бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, 2005 – 2011 жылдары бағдарламалар дирекциясының директоры, 2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!