Ақтөбеде қытайлық компаниялар жүк көліктерін өткізу үшін 4000 теңге алып келген

Сапарбаев мұнай компаниясының өз аумағынан өтетін көліктерден ақы төлеуіне тыйым салды деп хабарлайды aktobenews.kz. Дереккөз: Aktobenews

0
Ақтөбе

Бұл жағдай Ақтөбе облысының әкімі Мұғалжар ауданындағы сапары кезінде Жаңажол кеніші аумағында жұмыс жасайтын мұнай және газ өндіруші компаниялардың басшыларымен кездесу кезінде орын алды.

Компания басшылары соңғы кезде халықтың наразылығын тудырып жөрген өзекті мәселені қозғады. Олардың айтуынша, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС кеніштері аумағындағы жолдардан өтуге ақы сұрайды.

Әлібекмола кенішіндегі жолдардан өтуге жүк көлігі үшін 2500 теңге, жеңіл көлік үшін 775 теңге, ал Қожасай кенішіндегі жолдардан тиісінше 4000 және 1500 теңге ақы төлеу талап етіледі.

Облыс әкімі аталған кәсіпорынның басшысына:

“Бұл мәселе шешілуі тиіс. «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС-ның өз аумақтарына шлагбаум қойып, әрлі-берлі өтуге тыйым салу дұрыс емес”, — деп ескерту жасады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!