Атырауда жоғары сыныпта оқитын 27 қыз жүкті болып қалған

Биылғы оқу жылында Атырау қаласындағы мектептерде оқитын 27 жоғары сынып оқушысы жүкті екені анықталды. 21 қыздың жүкті екендігі алғашқы үш тоқсанда анықталса, соңғы тоқсанда тағы 6 жасөспірімнің «ана» атанатындығы белгілі болған, деп хабарлайды BNews.kz. Дереккөз: BNews.kz

54
Мектеп оқушы жүкті қыз

2014-2015 оқу жылында оқушылар арасында жүктіліктің 22 жағдайы тіркеліпті. Ал, биылғы оқу жылында ерте жүкті болғандар саны 5-ке артқан. Қыздардың ерте жүкті болуы Атырау қаласындағы №8, №12, №15, №24, №18, №32, №19, №36, сонымен қатар, Қ.Сәтбаев, Амангелді, Ф.Оңғарсынова атындағы мектептерде тіркелген.

“Мамандар әсіресе ата-анасынан көп қолдау көрмейтін оқушы қыздардың ерте жүкті болып қалатынын жасырмайды. Өйткені, ата аналар өз балаларымен жыныстық қатынас жөнінде әңгімелеспейді”, – дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова.

Облыстық білім беру басқармасы мектеп оқушылары арасында «жыныстық қатынас жөнінде ақпаратты қайдан білесің?» деген тақырыпта сауалнама жүргізген. Анонимді түрде жауап бергендердің 45 пайызы жыныстық қатынас туралы достарынан білгенін айтса, 36 пайызы ақпаратты эротикалық кинолардан алғанын, тек 8 пайызы ғана ата анасынан білгенін жеткізіпті. Ал оқушылардың бірде-біреуінің ұстаздары мен психологтардан және әлеуметтік қызметкерлерден бұл тақырыпта сұрауға батылдары жетпеген.

«Қызының жүкті екенін білгенде отбасы мүшелері алдымен мектепті кінәлайды. Алайда, мәселе тек білім беру орындарында емес. Бала тәрбиесінде екі жақта бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек. Өкінішке орай, оны көп ата-ана түсіне бермейді», – дейді Злиха Дүйсекенова.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

54 пікір

  1. Бариде от басынан басталады,аке шешеси кыздарынын дегенин жасап,айтканын жасайды,казир мектептерде кыска юбка киип журген кыздар каншама жел турса бари коринеди,бир колында телефон,бир колымен етегин устап келе жатады,онымен коймай шаштарын турли тусти кылып боялган,шаштары жалбырап, мектеп формасын катан кадагалау керек мектептерде,мугалимдерди томенги сатыдагы адамдардай кореди,мектепте окиды екен сонын талаптарына багыну керек деп ойлайым! Коп кыздарды кордим ак койлектеринин иштеринен иш киимдери коринип турганын

  2. Мен мугалыммын. Сыныбымдагы бир кызга юпкан кыска уят болады енды юбка алсан узындаун алгын десем анасы келып буткыл мектепты басына котерып мены жерден алып жерге салды .Кыз 6сыныптын кызы анасы меннен 7 жас киши. Ал енды айтындаршы ол кыз ертен не истейды тагыда екы уш жылдан кейын анасын сыйлайдыма? Анасы тузу созын айткан мугалымды буткыл мектепке айхай котерып урсып кетсе.

    • Казирги жас ата аналардын озин тарбиелеу керек. Мектептин бирингай тартип ережесин республика дейгейнде бекитип талап ету керек.

    • Бəлкім əуелі ата анасына ескерткеніңіз жөн беді? қалай болғандада ол анасы қызының сөзін сөйлеп қызының алдында қорған болу көпшілік арасында

    • мугалим окушыны ескерткен ол оте дурыс ал одан натиже шыгару окушы мен ата анасынын миндети кызын онды солды коргай беру жон емес орынды сынды окушы кабылдау керек егер санасы болса

    • Гулсанат оны бириншеден кызына емес шешесине жеке айту керек еди

    • Қазіргі ата-ананың өзін тәрбиелеу керек сияқты, бірден ғана бала табады да соның үстінде шыр-пыр болады. Менің өзімде де 1 ақ қыз балам бар мен оны еркелеттім кішкене кезінде ал қазір сырлас досым сияқты. Ненің жақсы жаман екенін айтып отырамын. Мектептен келгенде қатал мұғалім туралы айтса ол мұғалімдікі дұрыс сабаққа дайындалып бару керек деп ақылымды айтамын.

    • дұрыс айтасыз.Мектептің ережесіне бағыну керек

    • Сіз мұғалім болсаңыз сіз таза қазақша жазар едіңіз сондықтан сізге сенбеймін

  3. Кыздар кулге аунап жукти болмаган шыгар. Бул жерде жигиттердинде кинаси бар. Кыздарды киналаганды койындар.

    • “Тайынша көзін сүзбесе, Бұқа жібін үзбейді”

    • еркекке аунап тапты, ал бірдеңе өзгерді ме? , қайда аунаса да арын аяққа таптатты емес пе…..

    • Ұзындығы екі елі юбка киген қыздарды кім жыныстық қатынасқа тартқысы келмейді?Адамның нәпсінін оятып жүреді де қояды.

    • Барине қыздар кинали. Себеби қыз шошандамаса жигит өздігінен жабыспайды. Қыз беремдеп деп тұрса жигит бас тартпайды сол себептен қызға тәрбие берейік.

    • Кыз дурыс журсе ондай ештене болмас еди. Сондыктан ен биринши кыз бала дурыс журу керек.

    • Тана козин сузбесе…
      Кыздар акыл жагынан да баска жактан да ерте жетилетини баримизге малим. Кызды ата-ана кадагалау керек жане кыз да оз-озине тиым салып, етек-женин жиып журсе еркек козин сузбес деп ойлаймын.

    • жигит зорлаппа? ие болсын кыздар быр жерлерыне до свадьбы

  4. Кисынсыз акылга конбайтын зан шыгара бергенше болашак ултка талим тарбие беретин зан шыгармайды ма?

  5. Казир ги жастар мектептин қабырғасынан шыкпай жатып жукти болып жатырса оған жалғыз мектеп кинали емес оған ата -ана кинали.баланы жастан тәрбиелеу керек.Казирги окушылар мугалимнен қорықпайды. Қайта мұғалімдер ата-ана дан қорқады. Мугалим ,,балаңыз дұрыс окымайды “-деп айтып корсинши.Онда мугалимнен устине бүкіл жоғар жақтыларға арыз кетеди.Менин балама дұрыс қарамайды , дұрыс тәрбие бермейді деп.Ал озинин катесин тусинетин ата ана жоқ.

  6. бір ғана қалада осындай жағдай орын алса Қазақстанда қанаша ауыл мен қала бар. Біз айтқанмаен қазір “Қызға қырық үйден тыйым” деген қағида жолда қалды. Бұндай деректерді естисің де күрсініесі болашақ жастардың өмірі әсіресе қыздардың тағдыры не болмақ. Ойнақтап жүріп от басады. Шет елдердің кинолары мен ашық көрсетілетін эротиканы көріп жастардың пиғылы бұзылып жатыр, олар алдағы күндерін ойламай барады ондай іске. Жігіттер де өз істеріне жауап беру керек қой, қыздар да қысқа көйлек киіп, ашық-шашық жүрмесе деймін.

  7. ата ана өз баласымен жыныстық қатынас туралы қалай сөйлеседі…. кəзіргі психолог тар да қызық. біз де шешемізбен ондай əңгіме айтқан емеспіз. ұят болады бар айтатындары…

  8. Ол жалғыз қыздың кінәсі емес сіздер былмейтын шығарсыздар қазіргі заманда жаксы корем сены ешкашан тастамайм деп алдап кететындер коп сондықтан бұл жерде қызды кінәлап керек емес!!

  9. менде ұстазбын, бізде де ондай келеңсіз жайыттар бар, әрине оған тек қана отбасы кінәлі деп білемін

  10. ассаламуалейкум. бул сурактын шешимин 14гасыр бурын Аллах тагала куранда айтып кеткен гой. жабык журу, зинакорлыкка апаратын жолга жоламау атап айтканда ерлер мен кыздар бир жерде отырмау. неше турли вечер банкет осынын бари сол зинакорлыкка себеп

  11. Өзім мұғаліммін, балаларда өтпелі кезең бар сол жастан аман есен шығару ата ана мен мұғалімдерге байланысты. Ұрысуга да болмайды , ол заңдылық ол жастан бәріміз өттік…

  12. ол қыз баланың өз санасында. оның жүрген ортасында. ата ана баласына жаман жолды сілтемейді ғой. ата анасын тыңдайтын бала бар, тыңдамайтын бала бар. қазіргі жасөспірімдерге ақылынды айтып иә болмаса бұрыс жерін айтсаң өзіңе қарап ал дейді.менің ойымша, ата анаға не болмаса мұғалімге кінә тағуға болмайды.

    • 27 кызды сотау керек оздеринин кынари

  13. Отбасындағы тәрбиеге байланысты. Неге қыздарды кіналайсыңдар. Алдымен тосекке итермелейтин жигиттер. Бос уәде беріп, жауапкершілікті мойынына ала алмайды.

  14. Қазіргі ала сапран жағыдайға байланысты саясат тәрізді. Жас сәбилерін асырай
    алмай жатқан, далаға тастап, балалар үйіне беріп жатқандарға, өзін өзі өртеп
    жатқандарға, жанұясын асырай алмай өмірден кетіп жатқандарға кім кінәлі?
    Атыраудың өр рухты халқы жасасын!

  15. Аллаһтан қорықпаған жандар жер бетін жайлаған күнәлі індеттермен ауырмай қоймайды. Атамыз қазақ балапанды ұядан тәрбиелеп салауатты ұл-қыз өсірген. Батыс бізге құрдымнның жолың жарық етті әдемі керемет өмір секілді көрсетіп адастыруда. Ер азаматтардың қадірі кетіп отбасын әйел билеуде, бала тәриелеу деген ұлы борышын тастап отбасын бағамынды жамылып аналар да күнәге батуда. Көше кезген әйелін үйде ұстай алмай абыройы төмендеп әйелге бағынышты болған ер азамат кімге үлгі тоқтау бола алады.Не табыс таба алмайды не бала баға алмайды. Сөйтіп отбасы әркім өз өзімен әлек, өз білгендерінше өмір сүріп, сүрініп -қабынып түрлі сұмдықты қолмен жасап жатыр.Міне батыстың бостандығы соның жемісі. Бостандықты да шамамен өлшеп пайдалану керек. Мұнда ата-ана, мұғалім, жалпы еліктегіш қоғам да кінәлі. Сол әкелер көңіл көтермекке өз қызындай қыздарды ақшаға сатып алып жүр емес пе. Дінннен қорқып еркіне қойғандағы тапқан пайдамыз. Дін де жоқ, жамандықты тоқтатар заң да жоқ. Таңқалмаңыз. Шариғаттың заңынан алшақтаған сайын бұдан сорақысы болады.

    • Бір қыздар болады ұзын койлек киген жеңдеріде ұзын шашы орташа аяғында төмен аяқ кйім ма рйза болып кетесіңғой мəңгі өшпес шырақтай рахмет. Ашық киінетіндерге түсінбейм не жетпейді он екі мүшең түгел болса бəрі жайында өзіңді жарнамалаудың керегі не. Бұл қыздар лап етіп тез сөнетін шам секілді. Қыздар естеріңде болсын жігіттер сыпайы тәртіпті жігітпен жүрмеген қызға сосын ешкім мінбеген машйнаға қызығады. Өздеріңе өздерің қарамасаңдар сендерге ешкім қарамайды артық кетсем кешірім сұраймын.

  16. Өкіметтің өзі осы жағдайға әкеліп отыр ғой. Қыздардың ашық-шашық жүрмей, жабынып мектепке орамалмен келгеніне үзілді-кесілді қарсы болады. Ал сандарын жалаңаштап жүруін құптайды. Мұның бәрі Алланың Заңына қарсы шыққаннан болып жатқан жоқ па?!

    • Əр, қыз болама ұл болама өзінің сана сезіміне берсін. Баланың басында болмаған соң қйын бəрібір. Қыздарға ашық шашық жүр деп ешкім бұйырып жатқан жоқ. Ол əншейін өзін көрсетпек болған қыздар. Қазір қыздар кйеді ашық шашық соңында өкінеді уже кеш.

  17. имансыз болса солай болад егер 22 адам жукти болсатусын!,иман жок намаз жокта жерде шайтан кред есінді жый қазақ мазақ болмандар

    • Оте дурыс! Балаларга айту керек! Сен жай емес, сен казактын баласысын! Есинде болсын, сен ар казакка баурсын! Ар казак сенин бауырын! Биз коп емеспиз! Сыйла, улан, кызын, сонда сенин жолын ашылады! Бул атамыздын осиети, тарих пен ел акылы осында жане омирдын манызы Да осы!

  18. Негизи ата-анада, билим ордасыда кинали. Казирги уакытта ата-анасы биринши қолға алу керек бала тәрбиесин, балалармен көп жумыс жасап олармен сойлесип , серуендеп неге қызығады бала неге аландайды соған мән беру керек. Ер балаға ини, карындастарына қамқор болуға, елин қорғайтын азамат болуға, қыз балаға ашық шашық киінбеу, оның болашақ ана қылуға тәрбиелеу керек . Мектепте казир жас мамандар көп биреулеринде билим бар, биреулеринде билим жок, тәрбие жоқ, пара берип киреди. Жас мугалимнин ози ашық киініп, кейбиреуинде куйеусиз бала бар, ер адам мұғалімдер есик алдына темекі шегіп тұрса қандай тәрбие болады. Меним өз басымнан өткен мектеп жагдайы. Директор сағат алады бирак сабақ бермейді , одан қайдан билим болады арким өз калтасын ойласа. Билим министрлери мән берип қараса екен.

  19. Егер ата- аналары тұрыстап тарбиелеп дұрыстап киіндіріп қатаң тұрде қадағаласа мұндай болмайды бұған мектеп кінәлі емес

  20. Казыр осы жазганнын бәрі дұрыс осыны жасысы да кәрісіде окып отыр.Осы мектептегі жағдайдагы істер еш біреуміздын басымызга келмесын.Бырыншы себеп ата-ана балаларын ұялы телефонына карасын,балаларга интернеттен эротиканы коруды догарындар,оздерынды түзендер,ата-аналар не стеу керек оздеры былет,кыздар сабактарынды ойландар,беталы кылык жасамандар атарым сол

  21. Бəріңіздің де пікірлеріңіз дұрыс! Əрине ата-ананың да, мектептің де бірге жүретін ортасының да баланың қандай болып өсуіне ықпалы зор. Бірақ қазіргі кезде баладан ештеңе жасырмай, сеніп, барлық жағдаймен бөлісу керек деп ойлаймын. Сонда олар жауапкершілікті түсінеді. Менде сатырлаған ұл балалар (Аллаға шүкіршілік), алды 11ден кетті…бірақ мен оған, одан кейінгілерге де бəрін түсіндіріп қойдым. Еркек, əйел туралы олардың табиғаты, міндеттері. Менің ойымды құп көретіндер жоқ шығар, бірақ мен өзімді балдарыммен əрі анасы, апасы, досы сияқты ұстаймын. Маған кезінде ешкім түсіндірмеді…мен осындай тақырыпта қиналған кездерім болды. Алла қаласы қызым болса да сондай ана болғым келеді. Бір жақсысы балдарыммен дос сияқты болған соң олар бəрін маған айтып отырады. Тіпті алғашқы бала махаббатында айтқан кездері бар. Ата-ана қатал болса бала көөөп затты жасырып, сыртта жүріп бүлдіреді жəне соны жөндеймін деп жүріп былыққа одан сайын кіріп кетеді. Сол үшін де мен балдарыммен дос болғанды жөн деп санадым. Есесіне бəəəрін біліп, дер кезінде жөндеуге көмектесіп, түсінбегенін түсіндіріп, ақыл-кеңесімде бере аламын.

  22. 27 жастагы жогары сынып окушысы.. катены жондеп алып, бырак отырыкты урмай ма кулактан??

  23. Нағыз масқара екен.Атағы қандай ұят. Бастарынан сөз асырмайтын апалар , қыздарын орысша сыныпқа беретін , яғни өздерінше қазақ тілінде болашақ жоқ есептейтін мамашкалар не қарап жүр?

  24. Не себепті барлық уақытта қыздар кінәлі? Мүмкін ол қызды зоорлаған шығар. Қыз келісімінсіз болған жағдай шығар? Қазір білсеңіздер адамды қоздыратын түрлі нәрселер бар. Бір ғана таблетка адам өз өзін ұстай алмайды. Ол кезде сен ұзын ки, бүткіл денеңді жап. ешқандайда көмек жок. Қазір оранып, ұзын киіпнін жүрген қыздар тап таза инабатты қыз, ал қысқа кигендер арсыз, тәрбие көриегендерма? Кейде қарап отсаңдар керісінше болады. Қысқа кейіп жүрген қыздардың бәрі барлық көрінген еркекке көтін ашып жүр деген сөз емес. Кінә еркектердеде бар. Еркектерде алдап, қолдануларыңдыда тоқтатуларын қажет. Кінәсіз қыздарды төсекке тартып алдап салағаннан кейін қыздар кінәліма?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!